Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Өзін-өзі тану – мұғалімнің кәсіби қалыптасуының жолы

12.12.2013 pdf_icon 1986 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Білім беруді модернизациялау азаматтық жауапкершілігі мол, адамгершілігі жоғары, тиімді әлеуметтенуге және өзін-өзі анықтауға қабілетті тұлғаны дамытуды қажет етеді. Білім беру үдерісінде бала тұлғасының физикалық және интеллектуалдық аспектілерін ғана емес, сонымен қатар баланың жоғары рухани-адамгершілік табиғатын ашу қажеттілігі туындады. Осы бағытта «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы білім беру саласына жаңаша бетбұрыс әкелді. 

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ерекшілігі – «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен ықпалдастыру арқылы сабақтың рухани маңыздылығын күшейту, баланың санасын кеңейту.

 2013 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ оқытушылары «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының Адамның үйлесімді дамуы институтында «Өзін-өзі тану» жаңартылған бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырып, тренерлік сертификатты иеленді.

 

2013 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтында «Өзін-өзі тану» пәнінің 150 педагогтары біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ мен «Бөбек» ҰҒПББСО өзара серіктестік жөнінде Меморандум негізінде «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізумен қатар, Қарағанды облысында аталған бағдарлама бойынша «Рухани-ізгілікті педагогика мектебі» пилоттық жобасына 17 пилоттық ұйым қатысуда: 5 балабақша, 8 жалпы білім беру мектебі, 4 колледж.

 

5-14 желтоқсан аралығында «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» атты пилоттық білім беру ұйымдарының педагогтарының біліктілігін арттыру курсына эксперттік бағалау және курстын өту жағдайымен танысу мақсатында «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институтының аға ғылыми қызметкері Айгүл Егиновна Ахметова қатысты. 

 

 А.Е.Ахметова жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның ерекшеліктеріне, қазіргі таңда «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда педагогтар тарапынан жіберіліп жатқан кемшіліктерге тоқталып, курс тыңдаушыларын осы пәнді оқытудың әдіснамасымен таныстырды. Сонымен қатар «Бөбек» қызметкері халықаралық деңгейдегі сарапашыларының «Өзін-өзі тану» пәнінің қазіргі заманда өзектілігі мен оның құндылығына жоғары баға беріп, мойындағанын атап өтті. 

Эксперт «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» атты біліктілікті арттыру курсының өткізілу жағадайына оң баға беріп, курсты өткізуші тренерлерге үлкен әдістемелік көмек көрсетті.  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ