Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 16 мамырға ақпарат

16.05.2016 pdf_icon 761 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

СҚО: мұғалімнің шеберлігі – білім берудің кепілі

 

2016 жылдың 12 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің шығармашылық тобының жұмыс жоспарына сәйкес Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі базасында «Бірізді білім беру кеңістістігін интеграциялау жағдайында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерін әдістемелік қолдау» тақырыбында облыстық семинар-коучинг өткізілді.

Атаулы шараға жалпы білім беретін және Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары қатысып(қатысушылар саны – 50), өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар-коучинг мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәні мен жалпы білім беретін пәндерді ықпалдастырып оқытудың әдістемелік аспектілерінің мүмкіндігін ашу.

Атаулы іс-шараны облыстық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының өзін-өзі тану мұғалімі, шығармашылық топ төрайымы Майер Л.А. ашып, шығармашылық топ жұмысының маңыздылығын, семинар-коучингтің жұмыс жоспарымен таныстырды.

 

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі директоры Әбілмажин Ж.Т. қатысушыларды құттықтап, «СҚО ПҚ БАИ» қызметіндегі серіктестіктің ерекшелігін атап өтті.

Тәжірибеге бағытталған семинар-коучинг жұмысында ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, консилиум сияқты жұмыс түрлері көрсетілді.

Ахметова Г.М., химия-биология бағытындағы НЗМ өзін-өзі тану мұғалімі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған электронды оқулығын ұсынды.

Щербакова Н.Н., Есіл ауданы Чириковка ОМ физика және өзін-өзі тану мұғалімі екі пәнді ықпалдастырудың мүмкіндігін көрсетті. Колледж студенттері шығармашылық тапсырма орындау барысында ықпалдастырудың мәнін өз жауаптары арқылы дәлелдеді.

Кусаинова Р.К., Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушысы, Дюсембина Б.А., Жамбыл ауданы Преснов қазақ ОМ өзін-өзі тану мұғалімі жаңартылған бағдарлама бойынша сабақтар өткізіп, сабақтың рухани-адамгершілік тереңдігін ашты.

Рухани-адамгершілік білімін мектептің тұтастай педагогикалық үдерісіне ықпалдастыру - «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың шарттарының бірі. Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында Елманова О.А., №8 эстетикалық тәрбие орта жалпы білім беретін мектеп-кешені мұғалімі балаға рухани-адамгершілік тәрбие беруде отбасының рөлі туралы ата-аналар консилиумын шеберлік сыныбы түрінде көрсетті.

 

Колледж оқытушысы Гламаздина Н.П. жетекшілігімен сыныптан тыс әрекет жұмысын 2-курс студенттері «Бәрін жүрекке бағындыр» тақырыбындағы сахналық көрінісі арқылы көрсетіп, қатысушыларға ой салып, мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтардың адам өміріндегі маңыздылығын арттырды.

Семинар-коучингтің жабылу салтанатында ұсынымдар шығарылып, жұмыс қорытындыланды.

Семинар соңы «Табиғатпен үйлесімділік» тақырыбындағы табиғат аясындағы тамаша іс-шараға ұласты. Табиғат аясындағы мұғалімдердің қарым-қатынасы жағымды атмосфера туғызып, ынтымақтастықты арттыра түсті.

Осындай облыстық шығармашылық топ жұмысы мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан дамуына зор мүмкіндік туғызатындығын бүгінгідей іс-шара дәлелдей түсті.

СҚО: ЕРЕКШЕЛІКПЕН ТӘРБИЕЛЕУ

 

2016 жылы 12 мамырда «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Солтүстік Қазақстан облысында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ұстаздары арасында «Ерекшелікпен тәрбиелеу: ізденіс, идеялар, іске асыру» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған аймақтық сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты: мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби шеберліктерін, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, дарынды, талантты ұстаздарды анықтау, мектепке дейінгі білім беру және тәрбие жүйесінде инновациялық технологияларды қолданатын мамандарды қолдау және марапаттау.

 

Осы жылы сайыс алғашқы рет аймақтық мәртебеге ие болды. Сайыста Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының 80-нен астам ұстаздары қатысты. Екінші бетпе-бет кезеңіне 46 ұстаз қатысты. Сайыс мектепке дейінгі білім беру мұғалімдерінің шығармашылық және кәсіби деңгейін көтеру алаңы болып табылады.

«Ерекшелікпен тәрбиелеу: ізденіс, идеялар, іске асыру» атты сайыс келесі номинациялар бойынша өтті:

  • Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілері үшін «балалардың ерте жаста дамуы үшін заманауи технологияларды қолдану»
  • Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің әдіскерлері үшін «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәжірибелі әдіскері»
  • Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің барлық мамандары үшін «жаңашыл-педагог» (қазақ тілі, ағылшын тілі және басқа да мұғалімдер үшін, түзету топтарының логопедтері, психологтер және т .б.)
  • «Балаларды музыкалық тәрбиелеу және дамыту аясындағы ең жақсы сценарий» (музыкалық жетекшілер, хореографтар және т.б.)

 

Сайысқа қатысушылар өздерінің авторлық бағдарламаларын, әр-түрлі стратегиялар мен әдістерге толы жаңашыл әдістемелерін және балаларды ерте жастан дамыту технологияларын ұсынды, өздерінің кәсіби ойларын, көкейтесті мәселелерін көрсете білді, ғылыми-ізденушілік және тәжірибелік-эксперименттік қызмет барысындағы негізгі кәсіби мәселелерін анықтай білді. Мектепке дейінгі білім беруде барлық ұсынылған жұмыстар өзекті және маңызды болды. Бұл авторлардың жоба мақсатын терең түсініп, өз тәжірибелерінде жаңашыл әдістерді қолданатынын көрсетті. Бетпе-бет кезеңіне қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар Петропавл қаласындағы Цеснабанк филиалының демеушілері берген дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орын иегерлері сыйлық ретінде «БІЛІМАДІ ЕЛ» Республикалық газетке жарты жылға жазылымға ие болды.

Ұстаздар аймақтық сайыстың ұйымдастырылуы және шарттары туралы өз ойларымен бөлісті:

«Сайыс ұйымдастырушыларына өз шеберліктерімізді көрсетуге және өз әріптестеріміздің тәжірибелерін көруге мүмкіндік бергендері үшін үлкен рахмет айтамыз. Меніңше, осындай іс-шаралар әрі қарай жеке кәсіби өсуге мүмкіншілік береді. Ең бастысы –бұл бір бағытта ойлайтын әріптестерді кездестіруге, дамудың жаңа сатысына көтерілуге жағдай жасайды. «Өрлеуге» көп рахмет!» Кислая Е.А. Петропавл қаласы.

 

«Сайыс тамаша ұйымдастырылған, мұнда өз істерінің мамандары жұмыс істейтіні бірден көрініп тұр. Бәрі жылдам, тез, жақсы ұйымдастырылған. Біз тек өз жұмыстарымызды көрсетіп қана қоймай, Солтүстік Қазақстан облысындағы әріптестеріміздің жаңа идеяларын да көрдік, бұларды әрине өз жұмысымызда пайдаланамыз. Бұл идеяларды тек өз білім беру мекемелерімізде ғана емес, сонымен қатар облыс көлемінде де жарыққа шығарамыз. Біздің көргеніміз көңіл аударуға тұрарлық, тәжірбеде пайдалануға тиімді. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Солтүстік Қазақстан облысының басшысы Мұрзалинова Алма Жакимовнаға және «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының қызметкерлеріне ерекше алғыс білдіреміз. Сәттілік тілейміз, алға қойған мақсаттарыңыз әрқашан іске аса берсін, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Қатысуға шақырғандарыңыз үшін үлкен рахмет!. Солтүстік Қазақстандықтарды біздің сайыстар мен жобаларға шақырамыз». Проводина Н.Н. .Рудный қаласы.

«Ерекшелікпен тәрбиелеу: ізденіс, идеялар, іске асыру» атты Қазақстан Республикалық Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған аймақтық сайыстың жеңімпаздарын құттықтаймыз және шығармашылық ізденістеріңіз үшін, жоғары шеберліктеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Шығармашылық табыс және әрі қарай тек жеңіс тілейміз!

 

Сайыс жеңімпаздары

Номинация

«Балалардың ерте дамуы үшін жаңашыл технологияларды қолдану»

(мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілері)

1 орын

Казиева Гулим Серикбаевна - СҚО,Қызылжар ауданы МҚКК «Мирас» б/б;

2 орын

Марышева Екатерина Александровна - Қостанай облысы, Рудный қаласы, МҚКК «№5 б/б»;

Красильникова Мадина Ескендровна – СҚО, Кызылжар ауданы МҚКК «Әсел» б/б;

3 орын

Айтмагамбетова Асемгуль Темиржановна, Еменалина Бибигуль Амандыққызы СҚО, Петропавлов қ., МҚКК «Батыр» б/б;

Васильжанова Наталья Николаевна – СҚО, г. Петропавловсқ, МҚКК«Ақ бота» б/б;

Борисова Светлана Анатольевна, Тулинова Елена Анатольевна - СҚО, г. Петропавловсқ, МКҚК «Гулливер» б/б;

«Тәжірибелі әдіскер» номинациясы

1 орын

Проводина Нина Николаевна - Қостанай облысы, Рудный қаласы, МКҚК №5 б/б;

2 орын

Ахметова Раушан Маженовна – СҚО, Аққайың ауданы МКҚК «Балапан» б/б;

3 орын

Захарчук Елена Владимировна СҚО, Аққайың ауданы МКҚК «Чебурашка» б/б;

«Балаларды музыкалық тәрбиелеу және дамыту аясындағы ең жақсы сценарий» номинациясы

1 орын

Кислая Елена Андреевна – СҚО, Аққайың ауданы МКҚК, «Балапан» б/б;

2 орын

Дурмушева Кристина Николаевна - Қостанай облысы Рудный қ., МКҚК «№5 б/б»;

3 орын

Кривцова Екатерина Анатольевна - Қостанай облысы,Рудный қ., МКҚК «№5 б/б»;

Иванова Елена Викторовна - Қостанай облысы, Рудный қ., МКҚК « №5б/б»;

Тлеуп Алия Бисембаевна – СҚО, М.Жумабаев ауд, МКҚК «Балдаурен» б/б.

«Жаңашыл-Педагог» номинациясы

1 орын

Бекжанов Талгат Серикович, Дарбаева Мадина Танжарбаевна – СҚО, Петропавл қ., МКҚК «Алтын-бесік» б/б;

2 орын

Смирнова Александра Сергеевна – СҚО, Петропавл қ., «Чайка» ЖОМ;

Ажданова Роза Маратовна - СҚО, Петропавл қ., МКҚК «Ақ бота»;

3 орын

Рахметова Гулжайна Токтыбаевна, Терешкова Анна Николаевна - Қостанай облысы, Рудный қ., МКҚК «№5б/б»;

Сорокина Анастасия Григорьевна, Ибраев Азамат Жанатович - СҚО, Аққайың ауданы, МКҚК «Чебурашка» б/б;

Даулетова Айшат Сапаровна – СҚО, Петропавл қ., МКҚК «Гуливер» б/б.