Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Тағылымы мол кездесу

17.05.2016 pdf_icon 572 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұжымы Гумбольд сыйлығының иегері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлымен кездесу кешін өткізді.

Кездесу кешін институт директоры Елеусінов Бауыржан Тәжмағанбетұлы ашып, сөз сөйледі. Кездесу барысында институт директоры Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлын 60 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, өнегелі өмірбаянына тоқталып өтті.

 

Жиын барысында сөз алған Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы қазіргі уақыттағы білім беру саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

 

Кездесу кеш соңында институт қызметкерлері мерейтой иесіне жүрекжарды лебіздерін білдірді.