Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 23 мамырға ақпарат

23.05.2016 pdf_icon 924 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

RELO АҚШ Елшілігімен бірге өткен халықаралық семинар

 

Ағымдағы жылы 19 мамырда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ RELO АҚШ Елшілігімен бірлесе отырып, ағылшын тілі мұғалімдері мен ағылшын тілінде сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған халықаралық семинар өткізді. Семинардың дәріскері – Университеттер әріптестігі жобасының үйлестірушісі Ричард Бойим. «Critical Thinking and Student Engagement – Critical for Successful EMI (English as a Medium of Instruction» тақырыбындағы семинарда мұғалімдер оқушылардың ойлау дағдыларының жоғары деңгейін (Блум таксономиясы) белсенді түрде дамыта отырып, олардың оқуға деген мотивациясын оңтайландыра алатынын көрсетті.

Ұйымдасқан тренингтің белсенді формаларын пайдалана отырып, дәріскер оқушылардың саналы түрде нақты әлемде бәсекеге қабілетті болуы үшін манипуляция тілінде (бұл жағдайда ағылшын тілі) білім, білік және дағдының қажеттілігін сенімді түрде дәлелдеді.

 

Семинарда топқа бөлінген қатысушылар Блум таксономиясын пайдалана отырып, өз пәндері бойынша сұрақтар құрды. Осы әдістемелік іс-шараға Алматы қаласы жалпы білім беретін мектептері, гимназиялары және колледждерінен 102 мұғалім қатысты.

 

Семинар соңында RELO АҚШ Елшілігінің өкілі Раушан Ахметова және Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Петрова Л.Б. мұғалімдердің кәсіби даму саласында болашақта одан әрі ынтымақтастықта болуына сенім білдірді.

 

Қонақтарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Садвакасова Р.А. қабылдап, жалпы білім беру саласындағы инновациялық үрдістер мен Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың маңыздылығы туралы ой-пікірімен бөлісті.

 

Қауымдастықта өткен семинар

 

2016 жылдың 14 мамыр күні Деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі Клара Елтайқызы Баекешева, тренерлер  Айжан Ыдырысқызы  Есентаева, Мурадова Ирина Валерьяновна, мониторинг және сараптама бөлімінің бас маманы, жаңартылған білім беру бағдарламасының тренері Сыпатаева Балауса Бахытовна №3 жалпы білім беретін мектепте оқу үрдісіндегі жаңа  технологияларды  қолдануда мұғалімнің  кәсіби шеберлігін арттыру  арқылы оқушыларға заман талабына сай жан-жақты сапалы білім беру мақсатында «Жаңа форматтағы мұғалім» тақырыбында өткен республикалық  қауымдастықтағы семинарға қатысып қайтты.

 

Семинарға арнайы Алматы қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Рысқұлбекова Асима Даулетбекқызы да шақырылған.  Сонымен қатар, қала мектептерінен сертификатталған мұғалімдері және Алматы облысы мектептерінің мұғалімдері қатысып, №3 мектептің мұғалімдерімен тәжірибе алмасты. Аталмыш семинарды мектеп директоры Зауреш Оразқызы Атенова құттықтау сөзімен ашып, іс-шараның нәтижелі өтуіне тілегін білдірді. Сонымен қатар мектеп директоры жаңа форматтағы сертификатталған басшы ретінде өзінің мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жаңа бағытта басқаруды ұйымдастырудағы, жеке іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

 

Деңгейлік бағдарламлар курсы бойынша сертификатталған мұғалімдердің көмегіне сүйене отырып  арнайы курстан өтпеген мұғалімдердің де заманауи талаптарға сәйкес оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру мақсатындағы ізгі қадамдарына куә болдық. Атап айтқанда, Әжібай Е.С., Бурабаева Г.С, Сарсембаева М.У., Ахметова У.У., Избасарова Ж.Ж.        , Кабдолдаева Л.Т., Таскенбаева Ф.Н., Юсупова М.Р., Баракбаева Л.М., Байбатшаева Г.Т., Чамкарова А.Б.сияқты  ұстаздар үлгілі сабақтар көрсетті.

 

Мектеп ұжымы сыни ойлаушылар, мәселені шешуде күмәнмен қарап, дұрыс шешім шығара білетіндер қатарындағы ұстаздар екенін дәлелдей алды.

 

 

«Өрлеу» БАҚО» АҚ филиалы 

Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ