Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Оқу-әдістемелік кешен-ҚР БАЖ тарихындағы алғашқы тәжірибе

08.01.2014 pdf_icon 1719 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Отандық  білім беру жүйесі педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру жүйесінің тарихында тұңғыш рет «Өрлеу» БАҰО «Педагог қызметкерлердің біліктілігін  арттыру курстарының оқу-әдістемелік кешені дайындау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптары» мен «Сарапшыларға арналған оқу-әдістемелік кешенді бағалау критерийлерін» жасап, соның негізінде педагогикалық қызметкерлердің 50 категориясына арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының 83 оқу-әдістемелік кешенін қазақ және орыс тіліндерінде дайындап баспадан 8 томмен жарыққа шыгарған арналған.

Біліктілікті арттыру курстарының оқу-әдістемелік кешендерінің контентінің құрамына:

  • курстың оқу бағдарламасы
  • курстың оқу-тақырыптық жоспары
  • дәрістердің тезистері
  • дәріс, семинар сабақтарын өткізу бойынша оқытушылар мен тыңдаушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар
  • тренингттер, шеберлік сыныптар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дискуссиялар,іскерлік ойындар, сонымен қатар көшпелі тәжірибелік сабақ өткізу бойынша әдістемелік ұсынысытар.

        Оқу-әдістемелік кешендердің бағалау критерийлерінде: біліктілікті арттыру курсында педагогтарды дайындау сапасына қойылатын квалиметриялық талаптар, тыңдаушылардың білімін бақылауды өткізу реті мен мазмұнын анықтайтын материалдар, жоба жұмыстарының тақырыптарының тізімі, бақылау тапсырмаларының сұрақтары, тест және бақылау жұмыстарын бағалау өлшемдері берілген.

     Оқу-әдістелік кешендердің 8 томы төмендегі тыңдаушылар санатына арналған:              

1. Мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курстарының оқу –әдістемелік кешендері.

 

2. Қосымша білім беру педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының оқу-әдістемелік кешендері.

 

3. Әлеуметтік педагогттар мен педагог-психологтардың біліктілігін арттыру курстарының оқу-әдістемелік кешендері.

 

4. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының оқу-әдістемелік кешендері.

 

5. Техникалық және кәсіптік білім беру жоғары білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының оқу-әдістемелік кешендері.

 

6. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының оқу-әдістемелік кешендері.

7. Мектепге дейиінгі білім беру ұйымдары және бастауыш мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру курстарының оқу-әдістемелік кешені.

 

8. Қосымша білім беру педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының оқу-әдістемелік кешендері. (II б.)