Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Елбасы жаңа міндеттер қойды

22.01.2014 pdf_icon 949 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ профессорлық-оқытушылық құрамы және курс тыңдаушылары Президенттің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауымен танысты және оның маңыздылығын талқылады.   

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің екі палатасының мәжілісі барысында Қазақстан халқына Жолдауымен сөз сөйледі.  Онда ол қазақстандықтардың әлеуетін ашу үшін қажетті нақты жолдарды көрсетті, өйткені ХХІ ғасырдың дамыған  елі – бұл белсенді, білімді және салауатты азаматтар. Ол үшін Елбасы айтуы бойынша «Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек». 

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінің жаңа  форматы бұл міндетті орындауға мүмкіндік береді.

Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.

Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек. Үкімет пен әкімдер осы міндетті орындау үшін бюджет қаражатының бөлінуін қарастырғаны жөн. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек.

 

Перзиденттің Жолдауы қазақстандықтардың, қазақстандық қоғамның  барлық әлеуметтік топтарының әлеуметтік жағдайын  үнемі жақсартуға бағыт береді. Бұл жайында Елбасы баса айтты: «Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!»

Талқылауға саясаттанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің  IV сайлауының  депутаты, Қазақстан халқының Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан халқының Ассамблеясы ғылыми-сараптама Кеңесінің мүшесі, «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-ның білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Валерий Георгиевич Вишниченко қатысып сөз сөйледі, оның айтуынша «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы  - барлық Қазақстан халқының іс-әрекет жасауы үшін нұсқаулық болып табылады. Президенттің үкімет алдына және бүкіл қазақстандық халық алдына қойған міндеттері барлығымыз үшін жақын және түсінікті.