Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚБАИ 20 қаңтар мен 23 қаңтар аралығында өткізілген шаралары

24.01.2014 pdf_icon 1786 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

20 қаңтар 2014 жыл

Біліктілік арттыру курстары жайлы

2014 жылдың 20-30 қаңтары аралығында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Қоғамның әлеуметтік жаңғырту кезеңінде тарих пәнін оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен қысқа мерзімді 72 сағаттық курстары жүргізілуде.

Институт базасында «Музыка сабағында «Финал» ноталық редакторының жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында музыка пәні мұғалімдері мен «Кәсіби оқытушы-педагог іскерлігінің негізгі бағыты» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне конференция өткізілді.

21 қаңтар 2014 жыл

Тренерлер тәжірибесі Ресей басылымдарында

«Деңгейлік бағдарламалар орталығының» тренерлері М.Аскарова, У.Есмаганбетова, Ж.Жубауова, А.Кожантова, Р.Марсали, Р.Набуова, М.Ормановалардың Кембридж тәсілі бойынша біліктілік арттырудың 3 негізгі деңгей бойынша педагог қызметкерлерді оқыту әдістемесі жөніндегі тәжірибесі және орталық қызметкері, магистрант А.Жақсыбаеваның мақаласы РҒДИ (Ресейлік ғылыми дәйектеу индексі – РИНЦ) жүйесі мен «Ulrich’s Periodicals Directory» мерзімді басылымдардың халықаралық каталогына енген «Молодой ученый» ғылыми журналының №1, 2 (60.2)/2014 арнайы санында жарияланды.

22 қаңтар 2014 жыл

«Қазіргі сабаққа жаңаша көзқарас» семинары

«Қазіргі сабаққа жаңаша көзқарас» тақырыбында өткен семинарда қатысушылар қазіргі сабақтың негізгі кезеңдерімен танысып, әр кезеңде оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануды түсінді. Ең бастысы сабақ мақсаттарын СМАРТ бойынша қойып, күтілетін нәтижелерді Блум таксономиясы арқылы құруды практикалық жаттығулар көмегімен үйренді.

 

Қатысушыларға тақырып бойынша шағын анықтамалық ақпараттар таратылып, электронды нұсқада оншақты тұсаукесер мен 5-6 бейнероликтер көрсетілді.

Семинарда әлемдік деңгейдегі әр түрлі жаңаша оқыту амалдары туралы айтылып, Кембридж тәсілі бойынша үш деңгейдегі курстарда қарастырылатын негізгі материалдар туралы түсінік берілді. Сонымен бірге оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдері таныстырылып, үш айлық курстан өтпегендерге де тақырыптық жоспарлау мен жаңаша оқытуға әдістемелік кеңестер берілді.

Семинарда бейнероликтер мен таныстырылымдар көрсетіліп қана қоймай, топтық жұмыстар жасау үшін таратпа материалдар пайдаланылды. Топтық жұмыстар жасалып, олардың қорытындыларына ұжымдық талқылау жүргізілді.

Негізгі қарастырылған тақырыптар:

Қазіргі сабақ және оған қойылатын негізгі талаптар. Сабақ сапасына ықпал ететін басты факторлар.

Оқытудың интербелсенді әдістерін жіктеу түрлері. Белсенді оқыту әдістерін тиімді қолданудың негізгі шарттары.

Сабақтың мақсатын диагностикалық тұрғыдан қою мәселесі: СМАРТ және Блум таксономиясы.

Белсенді оқытуда тапсырмаларды орындау кезінде пайда болатын психо-педагогикалық проблемаларды талдау.

Белсенді оқыту бойынша сабақ жоспарларын сараптау, өзара талдау және бағалау.

22 қаңтар 2014 жыл

Біліктілік арттыру курстары жайлы

22 қаңтар күні «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасөспірімдердің бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын-алу және түзету сыныптары» тақырыбында дәріс-диалог өткізілді. Сонымен қатар «Оқушылардың өзін-өзі дамыту және шығармашылық әлеуетін арттырудағы арнайы пән оқытушыларының педагогикалық құзырлылық деңгейін жетілдіру жолдары» атты дөңгелек үстел өткізілді.

 

Аудан, қала әдіскерлеріне арналған «Ғылыми-әдістемелік негізінде әдіскерлердің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру» тақырыбындағы облыстық негіздегі курс 20-30 қаңтар аралығында жүргізілуде.