Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Үздік технология –үздік сапа кепілі

04.02.2014 pdf_icon 2032 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Қаңтар айының 28 жұлдызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ ғимаратында «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» атты педагогикалық технологиясының авторы, п.ғ.д., профессор Қараев Жауымбай Амантұрлыұлы лекция-семинар өткізді. Семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ қызметкерлері, Алматы облыстық ПҚ БАИ директоры Дюсебаев Ханат Алимжанұлы бастаған педагог қызметкерлері  және Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Ахмедова Раушан Бәкірқызы, кафедра меңгерушілері, бөлім басшылары, деңгейлік курс тренерлері мен жетекші мамандар қатысты. Еліміздегі педагогика ғылымдарының айтулы ғалымы, ғылыми еңбектердің авторы Ж.А.Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы тақырыбындағы лекциясынан тыңдаушылар көкейінде жүрген сан-сауалдың күрмеуін шешетін мазмұны терең мағлұматтарға қол жеткізді. 

 

Кез-келген сала өз технологиясы бойынша қызмет атқарады. Яғни, технологиясы мықтының өнім сапасы да жоғары. Демек, үздік технология –үздік жетістіктің кепілі. Ал білім беру жүйесіндегі сапа қандай? Неліктен оқушылар өз ойын еркін жеткізе алмайды, пікірін ашық айта алмайды?  Өйткені, олар сыныптастарының келемежінен, ұстазының уәжінен қысылады. «...Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс.

Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» – деп  Президентіміз Н.Ә. Назарбаев  «Қазақстан жолы –2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»   Жолдауында  оқушыларға білім берудің сапасын арттыруға ерекше талаптар  қойды.  

 

Осы тұста педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясында әр деңгейде орындаған тапсырмаға сәйкес оқушы білімі нақты бағаланады.  Оқушының өз-өзіне деген сенімін нығайтады, өз бетінше білім алу, іздену дағдыларын қалыптастырады, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады, сөйтіп оқушы бірте-бірте өзін-өзі дамытатын тұлғаға айналады.

 

Әр баланың көңіл сарайына жол тауып, жүрек кілтіне қол жеткізгенде ғана мұғалім оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру мүмкіндігіне ие болады.

 

Баға – оқушыны жазалауға емес, ынталандыруға арналуы тиіс, – деп білім сапасын жетілдіру мақсатындағы  ой-түйіндерін ортаға салған мазмұны терең алқалы жиында әйгілі ғалымдарымыз Найманбаева К.Қ, Баймұханов Б., Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Дюсебаев Х. А., Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Ахмедова Р.Б. мінберге шығып, пікір-тілек ұсыныстарын білдірді. 

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы 

Алматы қаласы  бойынша

 ПҚ БАИ баспа қызметі бөлімі