Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Үздік педагогикалық веб – квест» облыстық конкурсының қорытындысы

15.06.2016 pdf_icon 599 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

      «Өрлеу» БАҰО АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ  ағымдағы жылдың 1 мамыр – 10 маусым аралығында   «Өзін – өзі тану» пәні мұғалімдерінің тиімді тәжірибесін және пәнді оқыту барысындағы кәсіби шығармашылық қызметіндегі рухани – адамгершілік білім беру бағдарлмасын жүзеге асыруда мұғалімнің және оқушының рөлін анықтау мақсатында «Үздік педагогикалық веб - квест» облыстық конкурсын өткізді. Конкурс алты кезең бойынша өтті. Әр кезеңнен мұғалім мен оқушы бірлесе, ынтымақтастықта жұмыс істеді. «Үздік педагогикалық веб - квест» облыстық конкурсының кезеңдері:

 Веб-квест таныстырылымы

1.     Сипаттау 

2.     Компиляция

3.     Шығармашылық тапсырма

4.     Журналистік тексеру

5.     Веб-парақша құрастыру

Конкурсқа тоғыз өзін – өзі тану пәні мұғалімі қатысты. Конкурстың әр кезеңі бойынша оқушылар мен мұғалімдердің дайындаған жұұмыстар бірінен – бір өтті. Қатысушылардың арасында «Компиляция», «Журналистік тексеру» кезеңдері көп қызығушылық тудырды. Конкурстың қорытынды кезеңінде қатсыушылар өз веб-парақшаларын жіберді.

 

Сонымен жарыс болғасын, жеңімпаздар да болады. Қызу конкурстың қорытындысы бойынша:

1 орынды– Шегенова Римма  Жакиевна мен «№2 Ұзынкөл орта мектебі» КММ 3 сынып оқушылары  

2 орындарды –  Кожагалиева Бопежан Зделеуовна мен «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі» ММ 8 «А» сынып оқушылары және Бейсембай  Жансая мен “Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы   Боровской орта мектебі” ММ 8 «А» сынып оқушылары

3 орынды -  Жаркенова Гүлшат Қабитанқызы мен «Обаған орта мектебі» КММ  4 сынып оқушылары және Кыстаубаева  Жанагул  Коргановна мен “Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы   Боровской орта мектебі” ММ   10 сынып оқушылары иеленді.  

 

«Үздік педагогикалық веб – квест» облыстық конкурсының жеңімпаздары дипломдармен, ал қатысушылар сертификатпен марапатталады.  Мұғалімдер мен оқушыларға осындай бірлескен жұмыстары әрдайым жемісті болсын деп тілейміз.