Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 16 маусымға ақпарат

16.06.2016 pdf_icon 562 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мұғалімнің  кәсіби құзыреттілігін дамыту»

халықаралық вебинар

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2016 жылға арналған Жедел жоспарға сәйкес Санкт-Петербург қ. «Институт непрерывного образования взрослых» қосымша кәсіби білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесімен бірлесе «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мұғалімнің  кәсіби құзыреттілігін дамыту» атты халықаралық вебинар  өткізді. Мақсаты: Қазақстан білім жүйесін жаңғырту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және қалыптастыру үшін педагогикалық технологияларды тиімді пайдалануды теориялық негіздеу, жинақтау және талқылау.

Вебинар жұмысына ФГБОУ ДПО «Институт непрерывного образования взрослых», ФГКОУ «Санкт-Петербургский кадетский военный корпус Министерства обороны Российской Федерации» ғалымдары және педагогары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары Алматы қаласы, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Костанай, Мангыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары сонымен бірге Ақтобе облысының 4 мектебі және Шығыс-Қазақстан облысының  21мектебі қатысты.

Вебинар қатысушылары педагогтардың баяндамаларының маңызылығын атап өтті және болашақта үздіксіз білім берудегі мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуда бірлесе жұмыс істеу қажеттілігін атап көрсетті.

Вебинардың материалдары сайте http://ipkvko.kz/kz/ жарияланады.

 

Заманауи  білім беру - заман талабы

 

Ағымдағы жылдың қыркүйегінен 1-сынып оқушыларына сабақ беретін Үржар ауданының ұстаздарына 30-шы мамырдан бастап Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылып, білімдерін жетілдіруде. Ауданымызға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, тренер Жанузакова Надия Ахметказиевна келіп, аудан мектептерінен келген ұстаздарға дәріс беруде. 

 

Курс тыңдаушыларының пікірінен:

Курсқа қатысушы әрбір мұғалім өздерінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі оқуға енжар оқушыны өз мүмкіншілігін толық көрсете алатындай оқуға қызықтырып, қолдау көрсету болып табылатындығын түсінеді. Балалар мектепте жақсы оқуға тырысады, алайда уақыт өте келе, кейбіреулері оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын жоғалтып жатады. Негізінде, оқушылар оқу қажет болғандықтан ғана емес, өз еркімен оқуға ынталануы қажет. Әрине, осыған оқуды барынша белсенді, жеңілден күрделіге қарай, қызықты да маңызды ету арқылы қол жеткізуге болатындығын түсінетін ұстаздар оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру үшін барынша күш салуда.

Алдағы оқу жылында меңгерген әдіс-тәсілдерді жүйелі қолданудың нəтижесінде оқушылар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, өз бетінше зерттеу жүмыстарын жүргізу жəне ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгереді деп сенеміз.