Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Бастауыш мектептің МЖБС талқылаймыз

10.02.2014 pdf_icon 1454 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2014 жылдың 5 ақпаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-да бастауыш мектептің МЖБС талқылау өткізілді.

Қоғамның жаһандану, белсенді инновациялық өзгерістер жағдайында заманауи мектеп үнемі өзгеріп отыратын әлемде жан-жақты, бәсекеге қабілетті, табысты адамды дайындауға талпынады.

Осы міндетті орындау мақсатында ҚР білім және ғылым министрлігі мен НЗМ жаңа бұлжымас құжат дайындады, бұл құжат осы күндері педагогикалық қауымдастықта қызу талқылануда.

 

Филиал оқытушылары құжатты жасаудың жаңа әдісін, білім беру үрдісінің 21 ғасырда қажетті  дағдыларды дамытуға ықпал ететін ерекшеліктерін, білім беру мазмұнын жаңарту мәселелерін белгіледі:

-       сын тұрғысынан ойлау және мәселелердің шешімін табу іскерлігі

-       командалық жұмыс және көшбасшылық қасиеттер

-       икемділік және жаңа жағдайға бейімделу іскерлігі 

-       бастамалық және кәсіпкерлік дағдылар

-       ойды ауызша және жазбаша түрде сауатты да нақты жеткізу іскерлігі

-       ақпаратты іздеу және табу іскерлігі

-       білмекке құмарлық және қиял (Тони Вагнер, 2010)

 

12 жылдық мектепке дайындық жағдайында педагогтар нәтижеге бағытталған білім беру моделінің қажеттілігін түсінеді. Қазіргі уақыттағы білім беру моделі тұлғаның да, қоғамның да қажеттіліктерін жеткіліксіз қанағаттандырады. Заманауи мектепте белсенді жұмыс формалары, тиімді технологиялар, зерттеу бағытындағы оқу пәндері сұранысқа ие. Оқытушылар мұны жаңа құжатта айқын көрді.

 

Талқылау барысында МЖБС жетілдіру бойынша ұсыныстар шығарылды.

Дене шынықтыру сабақтарындағы АКТ: ойдан шығарылған ба әлде шындық па?

«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-нда 27 қаңтардан бастап «Дене шынықтырудың білім беру саласы бойынша мазмұнын жетілдіру жағдайында дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында  дене шынықтыру мұғалімдері біліктіліктерін арттыруда.

 

Дене шынықтыру мұғалімдерінің  жұмыстарының басым бағыттарының  бірі дәстүрлі оқыту түрімен қатар сабақтарда және сыныптан тыс сағаттарда ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. 

 

Дене шынықтыру сабағында компьютер деген сөзді алғаш естігенде бірден түсінбестік пен сұрақ туындайды:  бұл үйлесімді ме? Өйткені дене шынықтыру бәріне бұрын қимыл-қозғалыс емес пе? Т.В.Хиценконың сабағына қатысқанға дейін дене шынықтыру мұғалімдерінің  көбі осылай ойлаған еді. Ол дене шынықтыру бойынша электронды  оқулықтарды жай ғана қолданып қана қоймайды, сонымен қатар өзі әзірлейді. Татьяна Вячеславовна көп жылдан бері педагогтардың шығармашылығын қолдайтын Қостанай физико-математикалық лицейінде жұмыс істейді.  Лицей директоры С.П. Богданчиков көп міндеттерді шешудегі ең жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін жағдай жасаған:

- оқыту үрдісінде сапа мен тиімділікті арттыру;

- пәнаралық байланысты тереңдету;

- оқыту үрдісінде жекелендіру және дифференциация;

- коммуникативті қабілеттерді дамыту;

- оңтайлы шешім қабылдау біліктілігін қалыптастыру;

- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдеуді жүзеге асыра алуы;

- дене шынықтыру саласында  кәсіби бағдар жұмысын жүзеге асыру.

Татьяна Вячеславовна курс тыңдаушыларымен өз тәжірибесімен бөлісті: «дене шынықтыру сабақтары аз сағат бөлінетін кең көлемді теориялық материалды қамтиды, сондықтан электронды презентациялар бұл мәселені тиімді шешуіме мүмкіндік берді. Білім беру үрдісінде компьютерлік технологияны пайдалана отырып өткізген сабақ біршама қызықты, көрнекті және ширақ болады. Үйретілетін  қимылдардың орындалу техникасының түсініктемелері,тарихи құжаттар мен оқиғалар, спортшылардың өмірбаяндары, әртүрлі бағыттағы теориялық сұрақтарды баяндау оқушыларға тікелей көрсетілмеуі мүмкін. Сондықтан көрнектіліктің әртүрлі түрлерін пайдалану қажет. Компьютерлік техникамен жабдықталған кабинетте сабақ өткізу балаларды қызықтырып, сыртқы уәждеме пайда болады. Сыртқы уәждемеден пәнге қызығушылық туындайды».

 

«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалында біліктіліктіліктерін арттыруға келген дене шынықтыру мұғалімдері – «Дене шынықтыру сабақтарында АКТ пайдалану – бұл оқушы үшін де, мұғалім үшін де пайдалы әрі қызықты жұмыс түрі» деген қорытынды шығарды.