Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 20 маусымға ақпарат

20.06.2016 pdf_icon 788 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«СҚО: Білім кілті – балабақшадан бастау алады»

 

Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін және педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» СҚО бойынша АҚ филиалында 06.06.2016 жылдан 17.06.2016 жыл аралығында «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңашылдық бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбында мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курс барысында мектепке дейінгі ұйымның жобалық қызметін ұйымдастырудың негізгі аспектілері мен ерекшеліктерін анықтап, білім беру аясындағы заңнамаларға көңіл бөлінді, баланы танымдық-тілдік дамытуда заманауи әдістерді дұрыс пайдалануға үйрету мәселелері мен тәрбиешілердің интернет-қауымдастықта өзара әрекеттесуіне ықпал ету қарастырылды.

Тындаушылардың пікірлерінен:

Мектеп жасына дейінгі балалардың сыни ойлауын дамыту және түрлі білім беру салаларын жүзеге асыру барысында қолданылатын ғылыми-педагогикалық амалдар тәсілі жүйеленіп, сараланды. Практикалық жұмыс сабақтарында берілген теориялық мағлұматтар жеке, топпен жұмыс түрінде өткізілді. Курс тыңдаушыларына М.Е.Қуантаева, А.Қ.Кабденова, Д.О.Абишева, А.А.Қабдирова дәрісті түрлі тренингтер, ізденіс сабақтары түрінде АКТ қолдана отырып ұсынды.

 

Сонымен қатар, «Өрлеу» БАҰО» СҚО бойынша АҚ филиалының аға оқытушысы, куратор Д.О.Абишеваның ұйымдастырумен тәжірибемен бөлісу мақсатында «Ивушка», «Батыр» балабақшаларына және қаламыздың көрікті жерлерімен танысу мақсатында «Абылай хан» резиденциясына бардық.

«Ивушка» балабақшасының меңгерушісі Т.Қ.Дайрабаеваның жылы қарсы алуымен 1 санатты тәрбиеші Н.К.Рамазанованың «Күннің көзін жақсы көреміз» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне, 2 санатты тәрбиеші К.С.Омарованың «Таза ауадағы жаттығу» таңғы жаттығуын көріп, ой бөлістік.

Сонымен қатар, дене тәрбиесі нұсқаушысы И.Ф.Калганованың «Сәлем, Жаз!» атты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатыстық.

«Батыр» балабақшасының әдіскері Н.А.Козарезованың ұйымдастыруымен қазақ тілінің мұғалімінің сабақта құм терапиясын қолдану әдісіне куәгер болдық.

Осындай іс-шаралардың арқасында алған білімімізді теория жүзінде ұғынып қана қоймай, практикада қолдану барысын көріп, әсер алдық.

«Өрлеу» БАҰО» СҚО бойынша АҚ филиалының барша ұжымына кәсібилік, шығармашылық табыс тілейміз.

 

СҚО: мектепке дейінгі тәрбие – идеялардан кәсібилікке

 

Мемлекеттің қазіргі саясатының негізгі міндеті жаһандану жағдайындағы заманауи талаптарын және қазіргі қоғамның ерекшеліктерін ескерген білім берудің сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбиені әр адамның білім алу үдерісіндегі өзіндік іргетасы деп атауға болады. Осы кезеңде баланың келесі тұлғалық қасиеттері қалыптасады: мінезі, қабілеттері, дағдылары.

Мектепке дейінгі баланың тәрбиесі мен білім алуын екі бағытқа бөлуге болады. Біріншісі – мектепке дайындау, екіншісі – баланың бойында болашақ өмірде табысты болуына жетелейтін тұлғалық қасиеттерді дамыту.

Мектепке дейінгі мекемелердің қызметінде маңызды орынды білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың денсаулық мәселелерін шешу және олардың әлеуметтенуіне жағдай жасау алады. Мұндай балаларға мектепке дейінгі тәрбиеде бірдей мүмкіндіктер беру өте өзекті және қажетті.

 

Осы және басқа да өзекті сұрақтар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» өткен «Шағын-орталықтар педагогтерінің кәсіби қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері» атты балабақша және шағын-орталық тәрбиешілеріне арналған қысқамерзімді біліктілікті арттыру курсы аясында қарастырылып, ашылды.

Білім беру бағдарламасын іске асыру жолында тындаушылар отандық және шетелдік авторлардың мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік-психологиялық адаптациясы жайындағы амалдарына теориялық шолу жасауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық амалдар жайында білімдерін толықтырды: «Step by Step» технологиясын инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда қолдану, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін білім беру қызметін ұйымдастыру, педагогикалық үрдісте денсаулық сақтау технологияларын қолдану, аралас-жас тобында оқу қызметін, мектепке дейінгі балалардың даму мониторингісін ұйымдастыру, сандық білім беру ресурстарын құру ерекшеліктері.

 

Біліктілікті арттыру курсы барысында ерекше назар көшпелі тәжірибелік сабақтардың өтуіне арналды. Оқу алаңдары ретінде Петропавл қаласының мектепке дейінгі мекемелері таңдалды: №10 орта мектебінің шағын-орталығы, «Алтын бесік», «Батыр» балабақшалары.

Тәжірибелік әдіс-тәсілдер мен білім беру және дамытушылық ортаны ұйымдастыру амалдары педагогтерге қазіргі мәселелерге көңіл аударуға, тәжірибемен бөлісуге, жаңа идеялардың туындауна, кәсіби қызметке жаңашылдық енгізуге мүмкіндік берді.

«Менің ойымша бұл курстар өте табысты өтті. Өзім үшін көп жаңалықтар аштым. Ең алдымен, инклюзивті білім беруге арналған сұрақтар және АКТны қолдану арқылы топта дамытушылық ортасын құру». Воскобой Т.В.

«Мен үшін өте маңызды болған –«Батыр» балабақшасында өткен тәжірибелік сабақтар. Балабақшада өз ісінің мамандары қызмет жасап жатқанына көзім жетті. Балабақшаның әр бір бұрышы баланың дамуына жағдай жасайды. Бұл көптеген идеялар. Әр балабақшада мұндай ортаны құруға болады деп ойлаймын. Балабақша меңгерушісі К.А. Касеноваға жылы қабылдау, іскерлік үшін үлкен рахмет!». Мехтиева С. А.

«Курс кураторы Т.Н. Пшенова және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» ұжымына курсты сапалы ұйымдастырғаны, тыңдаушыларға деген ерешке көзқарастары, позитив және кәсібилілік үшін алғыс білдіремін». Койшибаева А.Н.