Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы: ашық сабақ

13.02.2014 pdf_icon 2238 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы: ашық сабақ  

«Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында 11.02.2014 жылы «Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Үшдеңгейлік курстардың тренері  Жұманбаева Айгүл Оразқызы өткізген сабақ оқу-тәрбие процесіндегі кедергілерді жеңу икемділігі облыс мұғалімдеріне оқытудың алдына қойылған мақсаттарға жету үшін мүмкіндік және де оқушылардың тұлғалық сапаларын түрлендіру нәтижесі бола алатын мүмкіндіктерді беретіндігін көрсетті. Педагогтар Назарбаев Зияткерлік мектебінің Кембридж университетімен біріге отырып жасаған бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Мұғалімдерді қайта даярлаудың жаңа форматы оларға өздерінің кәсіби құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік береді, жаңашылдық деңгейіне шығатын кәсіпқой педагогтың көпдеңгейлік моделін қалыптастыруға қолдау жасайды. 

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақмола филиалы: 

Оқу-тәрбие процесін технологизациялаудың облыстық тәжірибе қорытындысы бойынша аймақтық семинарлар

2014 жылы ақпан айының 6-7 жұлдыздарында Бурабай ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде, Ақмола облысының Бұланды ауданы №2 мектеп-лицейі мен №1 мектеп-гимназиясында «Оқу-тәрбие процесін технологизациялау» атты облыстық тәжірибенің соңғы кезеңі аясында аймақтық семинарлар өтті, оның модераторы  Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы болып табылады.  

 

Тәжірибелік алаңшалар болып табылатын мектептер оқу-тәрбие үрдісіне білім беру технологияларын енгізу бойынша ұжымдардың қызметін көрсететін «Педагогикалық мозаика» атты көрме және 2011 жылдан бергі оқушылар мен мұғалімдердің зияткерлік және шығармашылық сайыстардағы жетістіктерімен таныстырды. 

 

Мұғалім-тәжірибешілер Ж.Караев, Е.Пассов, В.Шаталов, П.Эрдниев, В.Зайцев, В.Монахов, И.Якиманскаяның тиімді педагогикалық технологияларын қолдана отырып өзінің әріптестеріне ашық сабақтар өткізді.

 

Тәжірибе режимінде жұмыс істейтін мұғалімдер таныстыру алаңшаларында семинар қатысушыларына аталмыш кезеңдегі өз қызметтерінің нәтижесін таныстырды: оқушылардың білім сапасының серпіні, мотивация деңгейі, сыныптың психологиялық ахуалы және т.б.

 

Семинар жұмысы тәжірибенің барлық қатысушыларының бір-бірімен пікір алысуымен аяқталды: педагогтар, мектеп әкімшіліктері, аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, облыстық білім беру Басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кабинеттің әдіскерлері, Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының мамандары. 

Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы: қашықтықтан оқыту курстары.

Ақмола облысының пән мұғалімдері үшін 2014 жылдың 10-ақпанынан бастап 14-ақпанына дейін қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын топтарда «Заманауи мектеп жағдайындағы оқытудың жалпыдидактикалық негіздері» тақырыбында біліктілікті арттырудың қашықтықтан оқыту курстары басталды.