Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАОҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ 2014 жылдың қаңтар бойынша қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының талдау тиімділігі

15.02.2014 pdf_icon 946 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Тыңдаушыларды тестілеудің нәтижесі

Педагогтардың пәндік және технология бойынша білім сапасының өзгерісін сараптау жүргізу мақсатында тыңдаушылардың біліктілігін арттыру курстарында кіріс және шығыс - электрондық тестілеу жүргізіледі. Тестілеу 4 модульден құралған (нормативті-құқықтық, психологиялық-педагогикалық, мазмұндық, технологиялық модульдер).

Шығыс тестілеу нәтижесінде тыңдаушылардың санаты бойынша орындалудың %  көрсеткіші шығады. Курстың тиімділігін анықтау үшін бұл нәтижелер кіріс тестілеу нәтижесімен салыстыра қарастырылады. (сурет1).

 

27.01-07.02.2014ж. аралығында мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарында кіріс және шығыс тестілеу бойынша талданым

Сурет1 – 2014 жыл. қаңтар бойынша кіріс/шығыс тестілеудің нәтижесі.

Алынған мәліметке сәйкес оқу бағдарламасының негізгі модульдері бойынша курс тыңдаушыларының білім сапасының артқаны анық байқалады, сонымен қатар курс жетекшілерінің қызметтерінің нәтижелілігіне тұжырым болады:

-         Кіріс диагностика мәліметіне талдама жасай білу және курстың бағдарламасына уақытылы түзетулер енгізе білу;

-         Курс сабақтарында және таңдау бойынша дәріс, өзіндік жұмыстарды орындауда тыңдаушылардың қызметіне қарай курсты ұйымдастырудың тиімді тәсілдері мен әдістерін таңдап алу.