Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Аймақтарда Қазақстан Республикасы БҒМ өкілдері

27.08.2013 pdf_icon 1453 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Тамыздың 18-19 күндері «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гүлнас Кенжетайқызы Ахметова жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды.

Сапарының мақсаты –Солтүстік Қазақстан облысы білім қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесінің жұмысына –Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі ретінде қатысу (19.08.2013ж.)

                                           

Кеңесте өз баяндамасында Гүлнас Кенжетайқызы әр түрлі бағыттар бойынша отандық білім саласының жетістіктерін дәйекті, жүйелі және көрнекі түрде ұсынды («Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру, электрондық оқытуды енгізу, білім берудің инновациялық және көптілді моделін құру, үздік қазақстандық және әлемдік практика негізінде білім беру сапасын арттыру бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жұмысы, дарынды балаларға мамандандырылған мектептер жүйесін дамыту және халықаралық олимпиадаларда және байқауларда Қазақстан оқушыларының қатысуы, шағын жинақталған мектептерді дамыту және т.б.), проблемаларды және оларды шешу жолдарын атады (апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық міндеттерін іске асыру, ҰБТ және ОЖСБ сапалы көрсеткіштері, ТжКБ жүйесін жаңарту, мұғалімдердің сапалы құрамы және т.б.), алдымыздағы оқу жылына міндеттерді айқындады.  

                     

                     

Сонымен қатар, Гүлнас Кенжетайқызы 1 қыркүйек, Білім Күні барлық білім беру ұйымдарында «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: бір халық -бір ел-бір тағдыр» тақырыбында бірінші сабақты өткізу ұсынғанына назар аудартты. Бұл сабақтың мазмұнында, барлық қазақстандықтардың өткен тарихи тұтастығын, қуатты және табысты мемлекетті құруға, азаматтық сәйкестікті, ұлтаралық келісімді қалыптастыруға олардың жалпы үлесін ұғынуға екпін қойылу қажет.

Қазақстан Республикасы БҒМ жағымды миссиясын орындай отыра Г.К.Ахметова облыстың педагогикалық қызметкерлеріне «ҚР білім саласының құрметті қызметкері» төс бегісін, Ыбырай Алтынсарин белгісін, құрмет грамоталары және алғыс хаттар табыстады.

Қорытындысында, Гүлнас Кенжетайқызы облыс әкімі Самат Ескендировқа жалпы балалар спортын дамытуға қосқан үлесі және мектеп оқушыларының республикалық спратакиадасында бірінші орын алған үшін «Алтын белгі» табыстады.

18 тамыз Г.К.Ахметова «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» болды. Солтүстік қазақстандық өрлеушілер ұжымымен кездесу Г.К.Ахметова жұмыс сапарында ерекше орын алды, өйткені, Солтүстік қазақстандық филиал –бірегей білім холдингінің он жетіден бір бөлігі.

                                 

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Біліктілікті арттыру институтының жетістіктері, атқарған жұмыстары, материалдық базасымен танысты. Өз қатарына, БАИ қызметкерлері ғимарат туралы өзектеріндегі сұрақтарын қойды және үміттендіретін, байымды жауап алды.

                                  

Ұжыммен кездесу барысында институт педагогтарының жаңа сана-сезімдерін шұғыл қалыптастыру қажеттілігі, филиалдың даму болашағы, Елбасының «Білім және кәсіби машық –заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлаумен қайта даярлаудың негізгі бағдары» Жолдауында көтерілген мәселелермен байланысты, біліктілікті арттыру жүйесін жаңғырту жағдайында жаңа форматты біліктілікті арттыру басым бағыттары туралы сөз қозғады.

1999 жылы облыс әкімі Д.К.Ахметовтың ықыласымен ашылған Петропавл қаласындағы әль-Фараби лицейінің педагогикалық ұжымымен кездесу жылы атмосферада өтті.

                                        

Өз өмірін білім беру саласына арнаған Г.К.Ахметова: лицей және мұғалімдер ұжымы тұрақты түрде даму үстінде, Солтүстік Қазақстандық білім беруде өз аты және абыройы бар, республикалық деңгейде жиі көрінетіндіктеріне көз жеткізе алды. 19 тамыз Г.К.Ахметова ректор О.Б.Ашимовтың шақыруымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде болды, оқу орнының үлкен ғылыми потенциалымен, материалдық базасына (обсерватория, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жүзу бассейні, Светлинский көпесінің үйінде орналасқан университеттің мұражай кешені) тәнті болды.