Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Updated curriculum: білім берудегі әлемдік «тренд»

07.07.2016 pdf_icon 593 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2016 жылдың 6 маусымы мен 1 шілде аралығында Ғ. Мүсрепов ауданының № 1 Новоишим орта мектебінің негізінде Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінің жаңарту шеңберінде ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің біліктілігін жетілдіру курсы өтті. Тренер Касенова Альбина Бақытбекқызының басшылығымен, Ғ. Мүсрепов Шал ақын ауданы мұғалімдері, ҚР білім беру мен оқыту сапасын жетілдіруге арналған жаңартылған бағдарламасын бөлшектеп зерттеді.

Әлем жаһандану мен жаңарту заманында жылдам қарқындап өзгеруде. Технология, коммуникация және ғылым саласындағы қомақты өзгерістер дүниежүзі экономикасына әсер етуде. Сондықтан жаңа заманда табысты болу үшін 21 ғасыр азаматтары мынадай лайықты біліктілік пен қабілеттерге ие болу керек: сын тұрғысынан ойлау, білімін креативті қолдану қабілеті, мәселелерді шешу, зерттеушілік және коммуникативтік қабілеттер, жеке және топта жұмыс істей білу, АКТ – ны қолдана алу. Бұл қабілеттер мынадай құндылықтарға негізделеді: креативті және сын тұрғысынан ойлау, коммуникативті дағдылар, өзге мәдениет ойын сыйлау, жауапкершілік, денсаулық, достық және өзгенің қамын ойлау, «өмір бойы оқуға» дайындық. Сондықтан бұл курстың тақырыбы бүгінгі күні өте маңызды.

 

Тыңдаушылар пікірлерінен:

«Ағылшын тілі » пәні біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары ретінде біз ағылшын тілі пәнін оқытуда мынадай жаңалықтарды  белгіледік: критериалды бағалау мен белсенді оқытудың енгізілуі,CLIL (ортақ тақырып) және фонографиканың болуы, ұзақ және орта мерзімді жоспар, оқыту мақсаты мен күтілетін нәтиже, сонымен қатар тілдік дағдының кеңеюі.

Шебер ұйымдастырылған және әдістемелік жағынан дұрыс құрылған дәрістер бізге қазіргі заманғы білім берудің маңызды аспектілерін үйренуге көмектесті: бағалау түрлері, қызығушылықты ояту, қазіргі заманғы ұстаным және оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудың әдіс тәсілдері.

Топтық, жұптық және жеке жұмыс кезінде біз тиімді оқытудың мынадай түрлерімен таныстық олар:

-          Топта оқыту

-          Белсенді оқыту

-          Тұлғаға бағытталған оқыту

-          Кері байланыс орнату

 

Дәрістердің қолайлы жағдайы бағдарламаның өткен тақырыптары бойынша мұғалімдердің тапсырмаларды креативті және шығармашылықпен орындауларына ықпал етті. (сурет). Біз өзімізді оқушы рөлінде сізініп, берілген белсенді тапсырмалардың шын мәнінде өзіне сенімділік, сәттілік, сындарлы ойлауын дамыта алады деп айта аламыз.

Теорияны оқып, 4 аптада біз  практикаға көштік,micro – teaching кезінде Updated curriculum бағдарламаға сәйкес сабақтар құрдық. Мұғалімдердің креативті және шығармашыл ұстанымы, сабаққа дайындалу барысында, бірін – бірі оқытуға және кәсіби педагогикалық диологке қолайлы жағдай жасады. Біз сабақтарымызды, мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін теңестіру, жаңа материалды конструктивистік ұстанымды қолдана отырып енгізуге жаңа әдістер мен техниканы қолдануға және белсенді оқытудың әдістері: TPR, multy – sensory writing, tangential skills, song activity, craft activity, grammar gaming, guided discovery tasks, multi – media presentations, performance, jigsaw listening and reading сияқты әдістерді қолдана отырып жоспарлауға үйрендік. Мұғалімдерге тек бақылаушы ретінде ғана емес сонымен қатар «оқушы» ретінде өзін   сезіну қызықты болды. Біздің практикамыздың маңызды мақсаттарының бірі ол тиімді рефлексия мен кері байланыс орнату болды, бұл мақсатты біздің мұғалімдер сәтті орындады.

Қуанарлық жағдай,біз жаңартылған бағдарламаны оқумен қатар «English only classroom» сияқты тамаша тілдік тәжірибе алдық. Тренеріміз Альбина Бақытбекқызына, жоғары кәсібилігі, оқытудағы қазіргі заманғы ұстанымы мен баға жетпес әдістемелік қолдауы, скафолдиң, үшін алғысымызды айтамыз.

Біз, оқыту процесіндегі жаңалықтарды енгізуге бағытталған жаңарту шеңберіндегі, қазіргі заман сұранысына сәйкес келді деген шешімге келдік. Біз мектебіміздің түлектері құзіретті, коммуникативті, қазіргі заманда өз орнын таба білетін, толерантты тұлғалар болатынына сенімдіміз. Біздің сенімімізді Griffin P - ның сөздері растайды: «Worldwide research has established the significant role that curriculum standards and assessment can play in moulding new expectations for learning».