Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Қостанай – Тараз. Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқытудың жаңа амалдары

14.07.2016 pdf_icon 589 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша «Бейнелеу өнері» пәнінен педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары өтуде. Курстың мақсаты – педагогтарды жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы және мазмұнымен таныстыру, критериалды бағалауды енгізу үшін мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Аталған курстардың тренері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., ассоциацияланған профессор К.С.Таукебаева болып табылады.

Басқа филиалдардан тренерлерді шақырудың осындай тәжірибесі  - пайдалы практика, өйткені тренерлік базаны жетілдіріп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Қостанай облысының мұғалімдері – курс тыңдаушылары «Бейнелеу өнері» пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын зерделей отырып, белсенді оқыту стратегияларын қызығушылықпен оқыды, кері байланыс кезінде білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың маңыздылығын түсінді.

Педагогтар түрлі оқу ресурстарымен жұмыс жасады.

 

«Критериалды бағалау» тарауы оқытуды белсендету, оқушылардың арнайы дағдыларын дамытуға уәждеуді қолдау элементтерінің бірі ретінде тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. 

Курстың практикалық маңыздылығы зор, сабақтар инновациялық технологияларды қолдана отырып, тренингтер түрінде өткізілуде, ал тыңдаушылар өз алдына пән мазмұнын зерделеу кезінде спиральді қағидатты ескере отырып, қысқа мерзімді жоспар әзірледі.