Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Андроидқа арналған ұялы телефон бағдарламасы

22.07.2016 pdf_icon 531 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

      ББЖҚБАРИ-нің ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметкері қазақ тілінде Андроидқа арналған ұялы телефон бағдарламасын әзірледі: «Ақын А. Құнанбаев», «Ақын Ш. Құдайбердіұлы» «Ақын А. Байтұрсынов», «Ақын М. Жұмабаев», «Ақын С. Торайғыров».

      Аз уақыттың ішінде керекті мәліметтерді тауып, XIX-XX ғасырдың танымал қазақ ақындарының туындыларымен тамсана алатындықтан, бұл бағдарлама әр оқырманға таптырмайтын көмекші болады.

      Андроид бағдарламасы интернет желісіз оффлайн режимінде жұмыс істейді, қарапайым әрі ыңғайлы дизайны бар, ал атқарымдары қолдануға ыңғайлы. Сүйікті өлеңдеріңізбен әлеуметтік желілер, SMS және e-mail арқылы бөлісуге мүмкіндік береді. 

     Қазақ әдебиет классикасын Play Market-те тегін жүктеп алуларыңызға болады.

     Жүктеу сілтемесі:     

     https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.zhomart.sultan.sultan&hl=en

     Зейін қойып оқуларыңызға тілектеспіз!