Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Тәжікстан Республикасының бастауыш сынып мұғалімдері үшін курс ұйымдастырылды

25.07.2016 pdf_icon 579 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2016 ж. 18-22 шілде аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында тәжікстандық педагогтар «Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын ендіру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»  тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған 36 сағаттық ақылы курсқа қатысты. Шетелдік әріптестерге Институттың аға оқытушысы Кайдакова Виктория Юрьевна дәріс берді.

Бастауыш сынып мұғалімдері мен директордың оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын осы курсқа бастап келген Тәжікстан Республикасының Б.Гафуровский ауданына қарасты «Амид» жекеменшік мектебінің директоры Шагаев Игорь Брониславович курстың заманауи талапқа сай, мазмұны терең, мағлұматы жоғары болғандығын ризашылық сезіммен білдірді. Ол кісі ғаламтор желісі арқылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өткізілген курс мазмұнымен танысып, мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға осы жерге сұраныс жасағанын және қателеспегенін айтты. 

 

Кәсіби қызметке қажетті бағалы мағлұматтар жинақтауға мүмкіндік берген өте маңызды әрі қажетті осындай оқу курсын ұйымдастыруға барынша қолайлы жағдай жасаған Институт директоры Садвакасова Раиса Аждарқызына,  курсты ұйымдастыру барысындағы мәселелерді іскерлікпен шеше білген Институттың академиялық бөлім басшысы Қуанышбаева Нургул Ибайдуллақызына курс тыңдаушылары алығысын білдіріп, Институттың үлкен жетістіктерге қол жеткізуіне тілек білдірді.

 

Алматы қаласы бойынша

ПҚ БАИ Қоғаммен байланыс

 және баспа қызметі бөлімі