Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Бастауыш мектепке арналған жаңартылған бағдарламасын меңгеруде

27.07.2016 pdf_icon 609 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

      2016 жылдың шілде айының 18 күнінен бастап Ақкөл қаласының №3 қазақ орта мектебі қабырғасында Ақмола облысы Ақкөл ауданының 30 бастауыш сынып мұғалімі Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасымен танысуда.

      Жаңартылған жүйені іске асыру үшін Ақкөлдік мұғалімдер оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін атаулы жылдың 1 қыркүйектен бастап енгізуге дайындық үстінде. Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасының оқу-әдістемелік кешені «Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы», «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «Бағдарламадан күтілетін нәтижеге қол жеткізу деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар» құралдарын зерделей отырып өз кәсіби шеберліктерін ұштау жолында.

 

      Курс тыңдаушылары бастауыш білім беру бағдарламасының нақты пәндік аспектілерін меңгеруге кірісті. Олар білім беру бағдарламасына негіз болған теориямен танысып қана қоймай, бұл теорияны тәжірибе жүзінде іске асыруға қабілетті болуын қамтамасыз ету үшін белсенді қатысушылар рөлін атқаруда. Алдымыздағы уақытта мұғалімдер оқу бағдарламасына сай математика, сауат ашу, дүниетану, қазақ тілі мен әдебиеті, жаратылыстану пәндері бойынша сабақ жоспарларын құрастырып, талдауға кіріседі. Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін критериалды бағалау жүйесіне көшу бойынша алғашқы көзқарастарын білдіреді. Ықшамсабақтар барысында мұғалімдер өзара рефлексия жүргізеді.