Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Солтүстік облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 8 тамыз ақпарат

08.08.2016 pdf_icon 595 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

СҚО: Жаңашыл бағдарлама курсын табысты аяқтаушы педагогтер

 

2016 жылдың 11.07-05.08.16 ж. аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» базасында Петропавл қаласы орыс мектебіндегі қазақ тілі мұғалімдері жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттырып, біліктілік емтиханын тапсырды. Біліктілік емтиханына 32 мұғалім өз білімдерін сынап, жоғары деңгейдегі ұпай жинай алды.

Курс барысында тыңдаушылар жаңартылған білім беру бағдарламасының нұсқаулығы, критериалды бағалау басшылығы, оқу бағдарламасы және мұғалімнің біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша білімдерін жетілдіріп, тәжірибеде іске асырудың оңтайлы жолдарын талдап, теориялық білімдерін шыңдай түсті. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері мен сабақта рефлексия жасаудың түрлі жолдарын тәжірибелік жұмыстар арқылы көрсетіп, талдап отырды. Сонымен қатар, белсенді оқытудың стратегиялары мен моделдеуші мұғалімнің рөлін, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылымдағы мұғалімнің орнын анықтай алды. Сабақтарда оқушының айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларын дамыту мен коммуникативтік әдістермен тілді үйретудің әдіснамалық қағидаларын қолданудың оңтайлы тұстарын қарастырды.

 

Курс тыңдаушыларының пікірі бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасы білім беру реформаларын жүзеге асыру қадамдарын, XXI ғасыр оқушыларының қандай дағдыларын дамытудың және пән бойынша білім беру бағдарламаларының құрылымын, критериалды бағалау моделін енгізудің жаңаша қырларын меңгере алды. Тыңдаушылар әр сессия кезеңдерінде теориялық білімдерін тәжірибелік жұмыстар арқылы шыңдап, өзара тәжірибеде іске асыруға дайындықтарын нығыздап, білімдерін толықтырып отыруға белсенді қатысып отырды.

 

Ең жоғары ұпай жинағандар Петропавл қалалық №5 ОМ мұғалімі Бисарина Г.А. – 30 ұпай, № 7 ОМ мұғалімі Ахметова А.М. - 29 ұпай, № 8 ОМ мұғалімі Макишева А.С. – 29 ұпай санымен т.б. тыңдаушылар жоғары деңгейде өз біліктіліктерін дәлелдей алды.

Курс тыңдаушылары «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» басшылығына алғыстарын білдіріп, келешекте осындай тиімді курстарға белсене қатысып, үнемі жетістіктерден көрінеміз деген ізгі ниеттерін де білдіріп жатты.

Қызылжарлық тыңдаушыларға тәжірибеде табыс пен жетістіктер тілеймін.

 

«Жас ұрпақ» жастар бастамасы: көк тудың желбірегені!

 

Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштіксезімін қалыптастырады.

 

2016 жылдың 5-ші тамыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» «Жас ұрпақ» жастар бастамасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, «Көк тудың желбірегені» тақырыбында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттауда Петропавл қаласы жастарына патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар аясында патриоттық акцияға қатысты. Іс- шараның ұйымдастырушылары: «Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ және "ДЕМЕУ" балалық шақ мәселелерін үйлестіру орталығы" жекеменшік коммерциялық емес мекемесі.

 

Акцияның барысында көгілдір туды автокеруенмен көтеріп қаланың басты көшелерінде өтті. Аялдамалар арасында қатысушылар жалаушалар, шарлар және Петропавл қаласының көрікті жерлері бейнеленген магниттерді көтеріп жүрді. Бұл акция барлық қатысушылардың көбеуіне оң эмоция тудырды.

«Өрлеу» БАҰО» «СҚО ПҚ БАИ» АҚ Филиалы мемлекеттік саясатты толықтай қолдайды. Патриоттыққа тәрбиелеуге, еліміздің бірлігін сақтауға, сыртқы қолайсыз факторлардан қорғауға көмектеседі.

 

Өз елінің патриоты болу - мақтанышы мен жеке қадір-қасиеті бар кез келген азамат үшін үлкен құрмет!