Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Информатика пәнін инновациялық технологияларды

06.03.2014 pdf_icon 1656 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған,  ғаламтор арқылы ақпараттар ағыны күшейген заманда оқушының ақыл-ой мүмкіндігін, білім көкжиегін кеңейтіп, дарындарын ашу үшін мектептер мен басқа да білім беру мекемелеріне қыруар міндеттер жүктеліп отыр. Бұл үшін  бүгінгі педагог білім беру кеңістігіндегі инновациялық технологияларды  ізденімпаздықпен меңгеріп, оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуі  тиіс.  Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру жұмыстары  жаңа педагогикалық технологияны енгізуді  міндеттейді. Осы арқылы ұстаздар  инновациялық және интерактивті әдістемелерді сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуі үшін жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасайды..

Осы мәселелер «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ-ның филиалы  ОҚО  бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Информатика пәнін инновациялық  технологияларды  пайдаланып оқыту» деген тақырыппен өткен облыстық семинарда  талқыланып, жақсы педагогикалық тәжірибелер  үлгі ретінде көрсетілді. Аудандар мен  қалалардағы мектептердің  информатика пәнінің мұғалімдері мен білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысқан бұл семинарда  инновациялық технология туралы терең талдау жасалып, сабақтарда инновациялық  технологияларды пайдаланудың тиімді  жақтарын қарастыру туралы сөз етілді.

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ-ның филиалы  ОҚО  бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Р.Қадырбаева «Информатика пәнін оқытуда аралас оқыту технологиясын қолдану» тақырыбында жасаған баяндамасында, қазіргі таңда білім беру саласында АКТ-ны қолданудың перспективті бағыттарының бірі  ретінде оқытудың аралас технологиясын пайдаланудың маңыздылығы туралы және мұны  электрондық оқытудың бір түрі ретінде заманауи білім беру жүйесінің практикасында кеңінен қолданылатындығын атап өтті.

 

Аралас оқытудың негізі  сыныпта классикалық оқыту технологиясы мен виртуальды немесе on-line- оқыту технологияларының дидактикалық тұрғыдан мағыналы біріктіруінен құрайды. Мұндай тәсіл дәстүрлі оқытудың негізгі проблемасы – әрбір оқушының қарым-қабілетіне қарай  іске асыру мен дамыту үшін мүмкіндіктердің шектеулігі проблемасын шешуге ыңғайлы жағдай туғызады деп саналуда. Аралас оқыту технологиясы білім беру саласында жаңа технологиялардың бірі болып отыр. Оның мәнісі – оқытудың формасы мен әдістерін тиімді үйлестіру.

 Аралас оқыту – дәстүрлі  оқыту мен оқу үдерісіне қатысушылардың бірігіп әрекеттесуін іске асыруға мүмкіндік беретін екінші кезеңдік интернет-ресурстың көмегімен оқытуды араластыру (комбинирлеу). Жалпы алғанда, аралас оқытуды қашықтықтан оқытудың бір түрі немесе жалғасы деп есептеуге болады, бірақ бұның  ерекше айырмашылығы бар,  аралас оқытуда білім алушылар  бір-бірімен және оқытушымен міндетті түрде тікелей қарым-қатынаста болады. Яғни, аралас оқытуда күндізгі және қашықтықтан оқыту технологияларының элементтері белгілі бір пропорциямен қатысады, бұл, әрине, оқытудың екі формасының да кемшіліктерін жоя отырып, олардың жетістіктерін бір мезгілде пайдалануға мүмкіндік береді. 

Сонымен бірге «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ-ның филиалы  ОҚО  бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы С. Қ. Назарбекованың   «Инновациялық  технологияларды пайдаланып  оқытудың тиімділігі»,  Халықаралық  гуманитарлық-техникалық  университетінің доценті, пед.ғылымдарының кандидаты Г.К. Нурмуханбетованың  «Оқу процесінде инновациялық білім беру технологиясын қолдану», Халықаралық гуманитарлық-техникалық  университетінің аға оқытушысы, пед. ғылымдарының кандидаты А. Ибашованың «Информатика пәні бойынша қашықтықтан оқыту арқылы байқау өткізу мүмкіндіктері»  және тағы басқа баяндамалар тақырыптарының актуальділігімен қатысушыларды ерекше ынта-ықыласқа бөледі. Сонымен қатар  “Білім беру жүйесінде біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыруда  кездесетін мәселелер” тақырыбындағы  «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық  орталығы»  АҚ  филиалы ОҚО  бойынша  ПҚБАИ, бас маманы  Гулмира Орынбасарованың баяндамасы, «Информатика сабағында Рейтингілі деңгейлік дамыта оқыту технологиясын қолдану» (С.Қ.Төлтебаев  технологиясы)  тақырыбындағы  № 2 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп – интернаттың, информатика пәні мұғалімі   Назарбекова Ақжарқынның,  “Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу” тақырыбындағы  «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық  орталығы»  АҚ  филиалы ОҚО  бойынша  ПҚБАИ, бас маманы  М.Джақсыбаеваның баяндамасы, “Сабақта ақпараттық технологияны қолдану-бүгінгі күн талабы” тақырыбындағы  Шымкент қаласы № 33 К.Қасымұлы атындағы ЖОМ-нің информатика   пәні мұғалімі Н. Сағындықованың,  “Теорема Виеста за 8 класс (научный проект ученицы Шестиалтыновой Инны)”  тақырыбындағы  Шымкент  қаласы № 9  мектеп – лицейінің математика пәні мұғалімі Эльвира  Насырованың, “Информатика пәнін оқытудағы бағалау критерийлері”  тақырыбындағы   «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық  орталығы»  АҚ  филиалы ОҚО  бойынша  ПҚБАИ, аға оқытушысы  Шынарай Досыбекованың,  “ Электрондық оқыту жүйесі”  тақырыбындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық  орталығы»  АҚ  филиалы ОҚО бойынша  ПҚБАИ, аға оқытушысы  Ардана Сазабаеваның баяндамалары өзекті мәселені тілге тиек етіп, ондағы мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастырды.   

Әсіресе, семинарға қатысқан Мақтаарал ауданы С. Асанов атындағы жалпы орта мектептің инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Сәкен Бейсеновтың «Macromedia Flash бағдарламасында электрондық оқулық жасау жолдары» деген тақырыптағы баяндамасында өзі дайындап мектепте қолданып жүрген «Әліппе»  кітабының  электрондық нұсқасын көрсетіп, инновациялық технологияның мол мүмкіндігін көрсетіп берді.