Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өзін-өзі тану» пәні жаңалықтар мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы дөңгелек үстел

07.03.2014 pdf_icon 1019 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында 5 наурыз күні «Өзін-өзі тану» пәні жаңалықтар мен мүмкіндіктер» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Рухани  құндылықтар негізінде оқушының рухани-адамгершілік  қасиеттерін ашудағы мұғалімнің рухани болмысы, мейірімділігі, нұрлы жүрегі, адами асыл қасиеті, өзін –өзі ұстауы,білімді ізгілендіре жүргізуі, «Өзін- өзі тану» және басқа  оқу пәндерінің мазмұны мен әдістерін  ықпалдастыру мүмкіндіктерін айқындау.  Дөңгелек үстелге Атырау Мұнай және газ институтының доценті,п.ғ.к. Өтешова Баян Қапсалыққызы, «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к, профессор Сарсенова Н.С, облыс педагог шақырылды. Дөңгелек үстелде кафедра оқытушысы Кульниязова А.С қатысушылармен бірге қоғам алдында тұрған өзекті сұрақтарды, айталық  Рухани –адамгершілік құндылықтардың ұрпақ тәрбиесі үшін қандай маңызы бар?

 

Ар-ұждан  даусын бүгінгі ұрпақ қалай айыра алады? Қанымызда бар асыл қасиетті қалпына келтірудің маңызы қандай? т.б. сұрақтар аясында дөңгелек үстел пікірталаспен қорытындыланды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ