Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Солтүстік облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 9 тамыз ақпарат

09.08.2016 pdf_icon 563 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

СҚО: бірінші сынып оқушыларын асыға күтеміз!

 

2016 жылдың 01.08-05.08.2016ж. аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» базасында «Музыка» пәні жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласының мұғалімдері біліктіліктерін арттырды.

Топтың құрамының 93% бастауыш сынып пәні мұғалімдері. Мұғалімдер оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп ғана қоймай, сонымен қатар музыканы оқыту әдістемесімен танысып, білім беру жүйесінде музыканың орны бөлек екенін түсініп,  музыка әлемімен терең танысуға мүмкіндіктері болды.

К. Иринаның айтуы бойынша: «Мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде жаңартылған білім беру бағдарламасымен танысып, арнайы курстан өттім, емтиханды сәтті тапсырсам да, әлі үйренетінім мол менің. Өзіме көптеген жаңалықтар аштым, ең бастысы музыка әлеміне басқа, ерекше көзқараспен қарайтын болдым».

К. Салтанаттың айтуы бойынша: «Мен үшін бұл курс жаңа мүмкіндіктерді көрсетіп, ескі қатып қалған стереотиптерді жоюға бастау алды, алдымен музыка пәніне ойым өзгерді. Музыка сабағында балалар өздерінің және басқалардың сезімдерін көріп, түсініп, тани алатынына көзім жетті. Музыка арқылы тарих, жаратылыстану, математика басқа да пәндерді беруге болады, балаларды осы пән арқылы көп дүниеге үйретуге болатыны анықә.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін музыка сабағы ең қолайлы, тиімді пәндердің бірі. Балаларда қарым-қатынас құру дағдылары, бір-біріне деген жауапкершіліктері арта түседі. Бұл Бағдарлама балалардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталғаны мені қызықтырады. Сабақ барысында оқушылар сәттілікті сезіну үшін барлықтарына бірдей жағдай дасалып, дұрыс көз-қараспен қараған жөн. Әрине, мен музыкант емеспін, бірақ өзіме жоғары талаптар қойып, сабақтарыма жоғары жауапкершілікпен дайындалып, оқушыларда бұл пәнге деген сүйіспеншіліктерін оятуға тырысамын дейді Павел Л.

 

Курстың алғашқы күндері «Музыка» пәніне қорқыныш сезіммен қарадым, себебі бұл сабақты берген жоқ едім, бірақ теориялны терең оқып, тренингтерге қатысып жаңартылған білім беру мазмұнының идеяларымен танысып болғаннан кейін, барлығы толық бір жүйе екенін түсіндім. Шағын сабақтар маған көмек көрсетті, олар ұзақ мерзімді жоспардың әр сабағын қарастыруға мүмкіндік берді. Сонымен, біз «Музыка» пәнінің бағдарламасының мақсатымен танысып ғана қоймай, бұл мақсаттарға жету жолдарын да қарастырған едік. Бірінші сынып оқушыларын асыға күтемін дейді Асемгүл К.

 

СҚО сараптама кеңесі: оқу-әдістемелік баспалардың сапасы

 

2016 жылы 5 тамыз «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының ғылыми- әдістемелік басылымдары бойынша сараптама комиссиясының кезекті отырысын өткізді.

Жұмыстың өту барысында 9 жұмыс қаралды: қазақ тілінде:

  • Дарынды бала – бақытты ғасыр кепілі;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында психикалық дамуы тежелген балалардың тілін дамыту жолдары;
  • Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындалуға арналған қазақ тілінен тақырыптық тест жинағы;

 

орыс тілінде:

  • Учебно – методическое пособие «Основы теории государства и права в схемах и определениях»;
  • Сборник диктантов по русскому языку для 5 класса;
  • Методические разработки уроков в начальных классах с использованием технологии развития критического мышления;
  • Сборник сочинений, посвященный 25-летию Независимости Республики Казахстан «История моей Республики».

 

      Отырыстың қорытындысы бойынша сараптама комиссия мүшелері шешім қабылдады: 5 жұмысты баспаға шығару, 4 жұмысты толықтырып және келесі отырыста қарастыру. «Көңілді және қызықты сергіту сәттер (бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған электрондық жинақ)» және «Преподавание информатики на английском языке в старших классах естественно-математического направления: методический аспект» әдістемелік ұсыныстарын білі беру мазмұнын жаңарту аясында қызықты және өзекті материал деп қарастырылды.