Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 11 тамыз ақпарат

11.08.2016 pdf_icon 657 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Әдістемелік мектеп

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ директоры С.Д. Муканова мен Институттың басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы Б.Н. Бигельдинова Армения Республикасының Білім және ғылым министрінің орынбасары Манук Мкртчяннің шақыруымен 2016 жылдың шілде айының 27-сі мен 31-і аралығында білім беруді дамыту мәселелері бойынша жазғы әдістемелік мектептің жұмысына қатысты. Мектепті ұйымдастырушы – Хачатур Абовян атындағы Армян мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы жалпы әдістемелік және педагогикалық инновациялар зертханасы. 

Дәстүрлі болып саналған мектеп, оқу үдерісіне білім беруді дамытудың әдістемелік аспектілерін, инновациялардың бейімделу ерекшеліктерін жалпылауға, білім беру саласын дамытуда шетелдік практиктердің тәжірибесін қарастыруға бағытталған.

Мектеп Арменияның Сезак кентінде жұмыс істейді. Семинарға қатысушылар Армения Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Армения Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының, Ғылым жөніндегі комитеттің  қызметкерлері мен аудандық/қалалық білім бөлімдерінің, мектептердің басшылары болды.

  

Халықаралық байланыстар: мұғалімдерді дайындау

 

2016 жылдың 1 тамызында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ директоры С.Д. Муканова мен Институттың басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы Б.Н. Бигельдинова Ереван қаласындағы Хачатур Абовян атындағы Армян мемлекеттік педагогикалық университетін аралап, жұмыстарымен танысты.

Кездесу Армения Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары М.Мкртчяннің шақыруымен Арменияға қазақстандық мұғалімдердің сапары барысында орын алды.

 

Еліміздің көне жоғары педагогикалық оқу мекемесінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор  Рубен Мирзаханян ұлттық білім беру жүйесіне инновациялар интеграциясы саясатын дәйекті жүргізіп келеді. Университетте Жалпы әдістемелік және педагогикалық инновациялар зертханасы тиімді жұмыс істейді, мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша Ұлттық білім беру институтымен бірлескен жұмыстың бағдарламалары әзірленген.

 

Өзгеру, тыңдаушылардың қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу жағдайында жұмыс істеуге ауылдық жерлердегі мұғалімдерді даярлау бойынша тәжірибе алмасу болды.

 

Халықаралық байланыстар: Ұлттық білім беру институты

 

Ынтымақтастық жөніндегі Меморандум аясында 2016 жылдың 2 тамызында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ директоры С.Д. Муканова мен Институттың басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы Б.Н. Бигельдинова Армения Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық білім беру институтын аралады.

 

Ұлттық институттың директоры Норайр Гукасян ұйымның жұмыс мақсаты жөнінде айтты, сондай-ақ мұғалімдердің және тағы басқалардың біліктілігін арттыру бойынша оқулықтарды сараптамадан өткізу, білім беру стандарттары мен бағдарламаларын әзірлеу бойынша құрылымдық бөлімшелердің міндеттерімен таныстырды.

 

Кездесуге Армения Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектептерді басқару бөлімінің бас маманы Лилия Баласанян қатысты.

Армяндық әріптестер, Қазақстанда біліктілік арттырудың жаңа форматында мұғалімге және олардың кәсіби дамуы үшін мемлекетпен ұсынылған мүмкіндіктерге  мүдделі болды.

 

Кездесуге қатысушылар мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелеріндегі  екіжақты байланыстарды одан әрі дамыту туралы келісті.