Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Білім берудің жаңартылған мазмұнын ендіру мәселелері» облыстық дөңгелек үстелі

15.08.2016 pdf_icon 785 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын енгізу аясында жаңартылған білім беру мазмұнына сатылай көшу орындалып жатыр. Ағымдағы жылдың  1 қыркүйегінен бастап елімізде барлық мектептердің 1-ші сыныптары жаңартылған мазмұндағы білім беру стандарты бойынша оқиды.

 

Ағымдағы жылдың 12 тамызы күні Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫН ЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына мектеп директорлары, жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялау бойынша Тараз қаласының А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының, Т.Р.Рысқұлов аудынының №1 мектеп-лицейінің пилоттық мектептерінің директорлары, облыстық, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.

Дөңгелек үстел  Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын ендірудің мәселелері мен болашақ өрісін анықтау, пилоттық мектептердің білім берудің жаңартылған мазмұнын ендіру бойынша тәжірибесімен таныстыру, облыстың білім беру ұйымдары жетекшілерінің білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша желіішілік өзара әрекеттестігін дамытуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды.

 

Іс-шара барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби өсу мәселелері, бағыттар бойынша орта білім берудің мазмұнын жаңарту тәсілдері, білім берудің жаһандық болашағы және т.б. талқыланды. «Жетекші-көшбасшының жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудегі рөлі» тақырыбында тренинг өткізілді.

Институт директоры Ғалия Сыздықбаеваның айтуынша, 2016 жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында жаңартылған білі беру бағдарламасы бойынша облыстың 2692 мұғалімі біліктілігін арттырды. Курстармен қатар, институт жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаттарымен, мазмұнымен, құрылымымен  таныстыру, көкейкесті сұрақтарды талдау бойынша  ақпараттандыру іс-шараларын өткізуде.

Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын енгізу және орта білім мазмұны ішінара жаңарту бойынша 2015-2016 оқу жылында пилоттық мектептер  ауқымды  жұмыстар  атқаруда.

 

А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның мектеп директоры  Жамиля Төребекова өз сөзінде:- 2015 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекетіміздің 30 мектебі, соның ішінде бізідің мектеп те, жаңа бағдарлама бойынша, жаңа оқулықтар бойынша, оқу жетістіктерді критериалды бағалау жүйесі бойынша  оқыды. Шынымен - ақ, оқыту нәтижесінде, оқушылар сабаққа белсенді араласып, олардың оқуға деген ынта-жігері, қызығушылықтары артты. Топпен жұмыс істеу және жұппен жұмыс істеу кезінде оқушылар өз пікірінің дұрыстығын дәлелдей білді, ынтымақтастықпен жұмыс жасай алды, бір-бірін бағалай алды, өз-өзін бағалау дағдысы қалыптасты,  - деп хабарлады.

Осылайша, еліміздегі жаңа білім беру реформасы 21 ғасырдың –жоғары ақпараттық технологиялар ғасырынының әр қилы және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды мақсат етеді.