Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Игі істің қорытындысы…

16.08.2016 pdf_icon 479 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2016 жылдың 12 тамызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБА институтында жаңартылған орта білім беру мазмұны аясында педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру курстары аяқталды.

Осы жылдың 29 ақпаны мен 12 тамызы кезеңінде жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша Қарағанды облысының 2577 педагогы біліктіліктерін арттырды.

Курстың мақсаты – бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін ендіру контекстінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. 

Курс аясында педагогтар пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламаларының құрылымымен, мазмұнымен, мақсаттары және міндеттерімен танысты; пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламаларын оқыту мақсатына жету үшін өздерінің критериалды бағалау жүйесі мен белсенді оқытуды қолдана білуін дамытты.

 

 Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курстарынан өткен тыңдаушылар саны

Тыңдаушылар интерактивті сабақ кезіндегі бірлесе жұмыс істеуде  күш-қуат пен қарқын алды.  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБА институты облысымыздың аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшыларына, әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, мамандарына,  әдіскерлеріне курсты белсенді ұйымдастыруға көмек көрсеткендері үшін, сондай-ақ, Институтымыздың осы бағдарлама бойынша курс өткізген тренерлеріне курсты жоғарғы деңгейде өткізіп, тестілеудің үздік нәтижелеріне қол жеткізгендері үшін шексіз алғыс білдірді.