Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Білім берудің бірегей кеңістігі: тәжірибе және келешегі

28.04.2014 pdf_icon 865 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Шығыс Қазақстан облыстық ВКТВ телеканалында, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың бекітілген медиажоспарына сәйкес, «Бірегей білім беру кеңістігі: тәжірибе және келешегі» айдарында сюжет шықты.

«Өрлеу» БАҰО «АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ ҚР Президенті  Н. А. Назарбаевтың «Қазақстан жолы: 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы аясында біліктілікті арттыруды шетелдік және отандық озық тәжірибеге негізделген инновациялық бағдарлама шеңберінде өткізуде.

Бағдарлама мазмұны «Абайтану», «Алаштану», дінтану, өзін-өзі тану, көптілділік, ағылшын тілін ертеден меңгерту, әлеуметтік педагогика курстарымен кеңейтілген. Аталған тақырыптардың өзектілігін атай келе, мектептерде осы пәндер мұғалімдерінің кәсіби әзірлігі мен біліктілігін арттыру институттың басты мақсаттарының бірі болуда. Курстық оқыту қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Қысқамерзімдік курстармен қатар институт ҚР Білім және Ғылым министрлігі мен Кембридждік Университеттің білім факультетімен бірлесе жасасқан 3 айлық курс бағдарламасы бойынша дәріс береді. Бұл курстарда жыл басынан бері 350 мұғалім біліктілігін аттырды, оның ішінде 243 мұғалім – ауыл мектебінен.

 

Қысқамерзімдік курстарда 1505 мұғалім біліктілігін арттыруда. Жаһандану мен бірегей білім кеңістігіне ену жағдайында мұғалімдер алдына өмір бойы білімді толықтыру қажеттілігі қойылуда. Барлық курстар алдындағы мақсат: оқушыларды сыни көзқарас пен сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік шешім қабылдау, кезкелген ақпаратты талдай, зерделей білуге үйрету болып саналады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ профессорлық-оытушы құрамының өкілдері бірегей білім кеңістігі, ынтымақтастық пен интеграция жағдайында өткен және ағымдағы жылы бірнеше шет елдерде, Оңтүстік Корея, АҚШ, Жапония, Ұлыбританияда оқыту семинарларында болып тәжірибе алдмасыт, сол сияқты осы елдерден ғалым-педагогтер институтта болып, шығысқазақстандық ұстаздарға курстарда дәріс оқыды.

Институттың қоғамдық байланыс және баспа бөлімі