Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін бағалау және мониторинг» тақырыбында кезекті кеңейтілген мәжілісі болып өтті

28.04.2014 pdf_icon 1630 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2014 жылдың 24 сәуір күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының Басқармасының жоспарына сәйкес «Біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін бағалау және мониторинг» тақырыбында кезекті кеңейтілген мәжілісі болып өтті. 

 Мәжіліске «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы Басқармасының Төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гүлнас Кенжетайқызы Ахметова, Басқарма Төрайымының Бірінші орынбасары Жаумбай Амантұрлыұлы Қараев, Басқарма Төрайымының орынбасарлары Иса Мұсаұлы Самсаев пен Жанбота Жетілбекқызы Қабдыкәрімова, «Өрлеу» БАҰО» Акционерлік қоғамы әкімшілік-ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлбадан Қасымқызы Тәжиева, мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Евгения Жүсіпқызы Өмірқұлова, баспасөз хатшысы Шаһ-Керім Жәнібекұлы Кәрменов, экономика және қаржы департаментінің бас маманы Гүлнәр Секенқызы Қабылбекова және республика бойынша барлық облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының директорлары қатысты. 

 

Басқарманың кеңейтілген мәжілісі барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиал директоры С.С.Ізмұханбетованың, Ақтөбе облысы бойынша филиал директоры Ш.И.Кубенованың, Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры И.Т.Жұмағалиеваның институт жұмысы туралы есептері және осы облыстарды тексеру үшін арнайы құрылған комиссияның қорытындылары тыңдалып, талқыланды.

 

Мәжіліс соңында аталған филиалдарда біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін бағалау және мониторинг бойынша жасалып жатырған жұмыстар талқыланып, осы бағытта филиалдар арасында іс-тәжірибелерімен  алмасу мақсатында әдістемелік көмектер ұйымдастыру қажеттігі айтылды.

«Біліктілікті арттырудың жаңа форматы (проблемалар мен перспективалар)» тақырыбындағы дөңгелек үстел

 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқармасы мен Атырау облыстық білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен «Біліктілікті арттырудың жаңа форматы (проблемалар мен перспективалар)» тақырыбындағы дөңгелек үстел 2014 жылдың 24 сәуірі күні болып өтті.

 

Дөңгелек үстелге «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқармасы мен Атырау облыстық білім беру ұйымдары және білім беру мекемелері басшылары қатынасты.

 

Дөңгелек үстелдің модераторы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқармасының Төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор  Ахметова Гульнас Кенжетайқызы.

 

Шара барысында  Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Сарсенғалиев  Берікқали  Жоланұлы  «Білім сапасын арттырудың басым бағыттары»,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Муканова Саулеш Димкешқызы «Социальное партнерство как условие успешной реализации программ повышения квалификации педагогов Карагандинского региона», Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің директоры Ахметова Мәдениет Медеуханқызы «Менеджментті жетілдіру арқылы білім беру қызметінің сапасын арттыру», Атырау инженерлік–гуманитарлық институтының ректоры, физика – математика ғылымдарының докторы, профессор Ихсанов Ерсайын Валитханұлы «Жоғары оқу орындарында білім беруді ұйымдастырудың  инновациялық бағыттары», «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Искакова Лаура Тұрлыбекқызы «Қоғамның даму тенденциясына сай педагогтың функциональдық сауаттылығын арттырудағы бүгінгі үздіксіз білім беру жүйесінің маңызы», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректоры, физика – математика ғылымдарының кандидаты, доцент Салтанова Ғалия Айсақызы  «Проблемы и перспективы подготовки педагогических кадров», «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес АҚ «Атырау қаласындағы кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық (колледж)» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры Салахов Рустам Наилұлы «Кәсіптік–техникалық білім беру жүйесін жаңғырту–заман талабы» тақырыптарында проблемалар және ұсыныс ретінде  өз ой-пікірлерін ортада талқылады.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар ашық микрофон арқылы ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара қорытындыланып, ұсыныстар қабылданды.