Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

2013 жылдың ең үздік педагогының тәжірибесі барлығы үшін...

30.04.2014 pdf_icon 870 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

БАҰО «Өрлеу»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында эксперимент мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері мен бастауыш білім бойынша әдіскерлері  үшін Л.Ю.Назарянның «Жоба әдісі - кіші оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру және қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында on-line шеберлік сыныбы өтті. Іс шараның мақсаты бастауыш мектеп мұғалімі, «Ең үздік педагог» республикалық байқаудың жеңімпазының озық іс-тәжірибесін тарату болып табылады. Интерактивті оқытуға 75 білім беру мекемелері қатысты.

         Мұғалім өз тәжірибесінде жобаның ұзақтығы бойынша әртүрлі қолданады:

-         1-сынып – «осында және қазір»,

-         2-3-сынып – «қысқа мерзімді»,

-         2-4-сынып – «ұзақ мерзімді».

Іс-тәжірибемен алмасу нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларды толғандыратын жобалау қызметіндегі сұрақтар шеңберін нақтылады:

-Мен не істей аламын?                              

-Неге үйренемін?

-Кімге көмектесе аламын?

-Өз жобамды қалай атаймын?

-Өз жобамның мақсатына жету үшін қандай қадамдар жасауым қажет?

Осы және де басқа сұрақтарға жауап іздеу оқушыларды өз болжамын жасауға, ақпарат көздерін іздеуге үйрету, жеңіл тәжірибе жүргізуге, алған нәтижесін талдауға, шешім шығаруға жетелейді.

 

Интерактивті сөйлесу үрдісінде педагогтар жобамен жұмыс жасау оқушыларды өз міндетін атқаруға деген жауапкершілікті, сауалнаманы дұрыс құра білуге үйренуді, сұрақтар қою, талдау, тарату және шешім шығаруды үйренетіндігін   атап өтті.

         Шеберлік сыныбының қатысушылары қойылған мәселелерді талқылау, өз пікірлерімен алмасу үрдісіне қызығушылық тудырды.

Педагогикалық диалог нәтижелі болды.