Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

04.05.2014 pdf_icon 1482 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2014 жылдың 28 сәуірінде  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО бойынша ПҚ БАИ-да» Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған  «Бір шаңырақ астында» атты кеш өтті

 Кешке 7 топ тыңдаушылары қатысты. Олар  «Орыс мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері», «Қазақ мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері», «Тарих мұғалімдері», «Мектепалды тәрбиешілер», «Техникалық және кәсіби білім педагогтері», «Қосымша білім педагогтері», «Бастауыш сынып мұғалімдері». 

 

Топтар жеребе бойынша орыс халық әндері мен билерімен, татар халқының ұлттық тағамдарымен, беларус халқының ұлттық ойындарымен, украин халқының ұлттық киім үлгілерімен, шешен халқының тарихымен таныстырып, неміс халқының «Веселые утята» биін биледі. Кештің соңында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілері қазақ халқының қонақжайлылығы мен мол дастарханын көрсетті.

 

 

 

 

 

Кеш Өрлеудің Әнұранымен басталып,  Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.

Қоғаммен байланыс  және баспа қызметі  бөлімінің маманы Б. Батырова