Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Желілік қауымдстық – кәсібилікті арттыру құралы

11.05.2014 pdf_icon 790 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ деңгейлік бағдарламалар орталығы 2014 жылдың 5 мамыры күні аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттердің меңгерушілеріне арналған «Сертификатталған мұғалімдердің желілік қауымдастығы - кәсіби шеберлікті арттырудың тиімді жолы» облыстық семинарын өткізді. Семинар сертификатталған мұғалімдердің желілік қауымдастығы қызметінің негізгі аспектілеріне бағытталған.

Семинарда желілік қауымдастық сертификаталған мұғалімдерге қандай көмек берді, бұл қауымдастық педагог тұлғасына қаншалықты әсер етеді деген сұрақтар төңірегінде қарастырылып, сайтпен жұмыс істеу барысы түсіндірілді: тіркелу, материалдарды орналастыру, форумдағы жұмыс, белсенділік үрдісі және желілік қауымдастықта мұғалімдер жұмысын белсендету туралы есепті ұйымдастыру жолдары ұғындырылды.

Семинар жұмысын қорытындылау кезінде  қатысушылар желілік қауымдастықты ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар айтты. Сонымен қатар қатысушылар сайтқа тіркеліп, өңірлік желілік қауымдастықтағы белсенді жұмыс үшін тиісті аудандардың топтар құрамына енуді ұсынды. Бұл өз алдына өңірлік желілік қауымдастықты белсендетуге көмектеседі.