Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Біздің өміріміздің негізгі Заңы

19.08.2016 pdf_icon 518 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу карсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-ның кітапханамен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Біздің өміріміздің негізгі Заңы» атты жарқын, мазмұнды кітап көрмесін дайындады. 

Мақсаты – азаматтық қоғам, тұрақтылық және еліміздің гүлдену кепілдігінің негізі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясына  қатысты барлық түрлі ақпараттық дереккөздерін ашу. 

Оқырман залында ұсынылған кітап көрмесі Сіздерге Конституцияның негізгі баптарын - Қазақстанның басты заңын еске түсіреді. Кітап көрмесінде оқулықтар, құқық бойынша оқу құралдары (сонымен қатар конституциялық құқық), сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде өмір заңы туралы түсініктемелер мен оған жауаптар осы Конституцияның мәтінінде ұсынылды.

Көрмеде Қазақстанның Конституциясымен танысу үшін үлкен баспа материалы ұсынылды, соның ішінде ісшараларды өткізуге әдістемелік ұсынымдар мен құқықтық тематика бойынша сынып сағаттарын өткізу сценарийлері, сондай-ақ осы тематика бойынша газет пен журналдардағы мақалалар, иллюстративті материал, инфоргафик көрсетілді. Көрме тыңдаушылармен қатар, филиал оқытушыларына да пайдалы болуы мүмкін.

 

25 жыл ішінде біздің еліміз қоғамның әлеуметтік құрылымының  өзгеруі мен экономиканың қайта құрылуына байланысты көптеген сынақтардан өтті.

 Конституция бүкіл осы кезең арқылы  барлық қазақстанның мемлекеттік механизмінде жұмыс істеуде маңызды роль атқарды.