Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында республикалық семинар

29.05.2014 pdf_icon 1181 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2014 жылы 23 мамырда «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы филиалы мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – тірек мектептер (ресурстық орталықтар) қызметін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылау, шешу жолдарын айқындау, жаңашылдық идеяларды ортаға салу, тәжірибе алмасу. 

Семинарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филалдарының басшылары мен мамандары, шағын жинақты мектепті дамытудың өңірлік орталық жетекшілері, әдіскерлер, шағын жинақты мектеп пен тірек мектеп (ресурстық орталық) басшылары және педагогтары қатысты.

 

Семинарды Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Ә.Т Дүйсебек ашты. («Білім мазмұнына қойылатын жаңа талаптар жағдайында ауыл мектебі қызметін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету»)

 

Семинар келесі мәселелер бойынша жұмыс жасады:

  • тірек мектептерде (ресурстық орталықтарда) сапалы білім беруді дамытудағы жаңашылдық идеялар;
  • тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) қызметін жетілдірудегі өңірлік тәжірибелер;
  • тірек мектептердегі (ресурстық орталықтардағы) пәндерді оқытудағы жаңа технологиялар;
  • тірек мектептер (ресурстық орталықтар) мен шағын жинақты мектеп жағдайында жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігін арттыру мәселелері;
  • тірек мектептер (ресурстық орталықтар) мен шағын жинақты мектептерді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

 

Семинар барысында Ақтөбе облысының Алға ауданы Маржанбұлақ ОМ, Қарғалы аудандарына барып тәжірбие алмасты.