Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Корей Республикасындағы машықтану

03.06.2014 pdf_icon 955 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2014 жылы 14-23 мамыр аралығында Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ төрт маманы «Өрлеу» БАҰО» АҚ 2 топтан тұратын 55 адамның құрамында Корейдегі Саншил Кибер университетінен (Korea Soongsil Cyber university) «Smart Learning Programme for specialists of the Republic of Kazakhstan»  бағдарламасы бойынша машықтанудан өтті. Машықтану тақырыбы: «Korea experience on formation of teachers ICT-competence on the basis of digital technology use».

Машықтанудың мақсаты: Қазақстандық мамандардың Smart – оқуды ұйымдастыру аймағы бойынша біліктіліктерін арттыру. 

 

Машықтанудың негізгі бағыттары: Корейлік білім беру жүйесінің даму тенденцияларын  қарастыру. Smart – жүйесімен жұмыста педагогтарды даярлау тәжірибесін зерделеу. Smart – оқыту контентін даярлау технологиясын және аппаратпен қамтамасыз етілуін оқып меңгеру.

 

Жұмыс түрі: Дәрістер, тәжірибелік жұмыстар. Білім беру ұйымдарын (бастауыш мектеп, мектеп, тілдерді оқытатын жоғарғы мектеп, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп) аралау. Ақпараттық технологиялар мұражайы, Smart – білім беру контентінде жазу студиясының жұмысымен танысу. 

Машықтану табысты  өтіп, курс бағдарламасы толығымен жүзеге асты.

Машықтануға қатысушылардың міндеттемелері:  

-  сапар жайлы Бағдарламаның жабылу салтанатында көрсетілген топтың бейнематериалдарын, біліктілік арттыру институттары қызметкерлері алдында толық есеп беру;

-       тыңдалған курс мазмұны бойынша дәрістер, әдістемелік нұсқаулықтар, институт сайты,  аймақтық журналдарға жекелеме материалдар дайындау;

-       Оңтүстік Корейдегі іс-сапар қортындысы бойынша басылымдарға белсене қатысу;

-       «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары арасындағы өзара іс-әрекет, ұжымдық мәдениетті одан әрі дамыту;

-       көшбасшылық дағыларын, кәсіби деңгейін үнемі арттыру.