Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ-ның 4 маусымға дейінгі өткізген шаралары

04.06.2014 pdf_icon 1117 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Білім беру ұйымдарында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша бағдарлама механизмдерін іске асыру» тақырыбында коучинг өтті

      2014 жылдың 29 мамыр күні «ӨРЛЕУ» «БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Білім беру ұйымдарында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша бағдарлама механизмдерін іске асыру» тақырыбында коучинг өтті.  Павлодар облысының жалпы орта білім беру  мекемелерінен 21 директордың оқу ісінің орынбасарлары қатысты.

Оқыту үдерісне деңгейлік курстың бағдарламасындағы  жеті модульдың идеяларын еңгізудегі негізгі мәселелерді коучинг қатысушылары белсенді түрдегі топтық өзара іс-әрекетте анықтады.  Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері О.П.Заречная бірлескен жұмыста қатысушылармен бірге сертификатталған педагогтардың іс-әрекеттерінің тиімділігі бойынша мониторингтің негізгі бағыттарын анықтау үшін жеті модульдің түйінді идеялардың мазмұнын талқылады. 

 

ДБО тренері А.Ж. Ахметниязова коучингтің екінші бөлімін өткізді. Екінші бөлімінде қатысушылар тренермен бірге сертификатталған мұғалімдердің сабақтарына қатысқанда іс-әрекеттің зерттеуінің бақылауын қандай түрде өткізу керектігін іске асырумен танысып, өз тәжірибелеріне қолдануға кеңес алды. Коучингтің қорытындысында жалпы  орта білім беру  мекемелеріндегі директордың оқу ісі орынбасарларының  сертификатталған мұғалімдердің  сабақтарына қатысқанда іс-әрекеттегі зерттеуін бақылауды тиімді өткізу үшін   жетілдірілген  ұсыныстарды қабылдады.

 

Сертификатталған мұғалімнің сабағын бақылау үшін ұсыныстар:

1.Сабақтың жоспарын алдына ала талқылау (мұғалім-оқу ісінің меңгерушісі)

2. сабақ жоспарымен барлық бақылаушыларды қамтамасыз етіңіз.

3. Бақылаудың объекті мен мақсатын, негізгі бағыттарын анықтаңыз.

4. Оқушыларды бақылау үшін сұрақтардың үлгісін құрастырыңыз.

5. Өткізілген сабақты талдау үшін бейнетасбаға түсүріп алуын қарастырыңыз.

6. Зерттелген мәселенін еңгізу тиімділігін, отырмай, белсенді бақылаңыз.

7. Мұғалімді емес, оқушыларды бақылауға назар аударыңыз.

8. Оқытудың жақсарту үшін ұсыныстарымен, бақылау нәтижесінің қорытындысын берініз.

 

«Өрлеу»   БАҰО  АҚ филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 
өткізген  «Үздік жыл әдіскері» 

ІІ Республикалық байқауының облыстық кезең қорытындылары бойынша ақпарат

 

Барлық деңгейдегі әдіскерлердің инновациялық және кәсіби-маңызды тәжірибесін айқындау және тарату, олардың мәртебесі мен кәсіпқойлығын арттыру, білім беру жүйесіндегі әдіскердің оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру мақсатында «Үздік жыл әдіскері» Республикалық байқауы биыл екінші рет өткізіледі.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  жоспарына сәйкес 2014 жылдың 30 мамырында «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалымен «Үздік жыл әдіскері» ІІ Республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

 

Қатысушылардың жалпы саны-12 адам. Қатысушылардың сапалық құрамы Павлодар облысының 3 қаласы (5 қатысушы) мен 7 ауданынан (7 қатысушы) білім деңгейі әртүрлі әдіскерлермен берілді.

Сайыс комиссиясы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу, әдістемелік қызметтің  инновациялық әрекетін дамыту және  «Үздік жыл әдіскері» байқауы туралы Ережеде көрсетілген критерийлерге сәйкес басқа бағыттар бойынша әдіскердің жұмысы туралы берілген  материалдардың мазмұнын бағалады. Әдіскерлер  авторлық бағдарламалар,  шығармашылық топтар жұмысының әзірленген  материалдары,  шығармашылық топтар жұмысы, іс-шаралар сценарийлері, әдістемелік әзірлемелер, эссе көрсетті.

 

Сайыс комиссияларының есептерінде сайысқа берілген материалдарды дайындау сапасы, 2014 жылғы сайысқа қатысушылардың кәсіби деңгейі былтырғымен салыстырғанда неғұрлым жоғары екені ескерілді.

 

Респубикалық «Үздік жыл әдіскері» (Алматы қ.) қатысу үшін келесі әдіскерлер ұсынылсын: 

‒          мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымының әдіскері номинациясында  Май ауданы білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарына кураторлық ететін әдіскері   Мухамедова З.Д.

‒          орта білім беру ұйымдарына кураторлық ететін аудандық (қалалық, облыстық) әдістемелік кабинеттің әдіскері номинациясында Ертіс ауданы білім бөлімінің жалпы орта білім беру ұйымдарына кураторлық ететін әдіскері Сұлтанова Н.М.

‒          қосымша білім беру ұйымдарының әдіскері номинациясында Лебяжі ауданды білім бөлімінің қосымша білім беру ұйымдарына кураторлық ететін әдіскері  Кенжегалиев Т.Ж.

‒          техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскері номинациясында Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледж – музыкалық мектеп интернаты» кешені» МК әдіскері Самарова М.С.

‒          «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің мамандары номинациясында «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Шабажанова С.К.