Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Халықаралық Қатынастар

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша біліктілікті арттыру институты Татарстан Республикасынан қонақтар қабылдады

2015 жылдың 9 қарашасында ресми сапар аясында Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Білім және ғылым министрі Фаттахов Энгель Наваповичтің басшылық етуімен Татарстан Республикасы білім беру жүйесі салаларының жетекшілері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша біліктілікті арттыру институтына келді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Гүлнас Кенжетайқызы Ахметова мен Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Л. А. Саинова қонақтарды Акционерлік қоғамның құрылу тарихы, қызметі және Қазақстан Республикасында біліктілікті арттырудың қазіргі заманға сай инновациялық бағыттарымен таныстырды.

Толығырақ 

Қазақстан мен Германия – білім беру аясында ұзақ жылдар серіктестік қарым-қатынаста

2015 жылғы 6-7 қараша күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасындағы неміс тілдері мұғалімдерінің 16-шы Ұлттық съезі өтті. Осындай кең көлемдегі дәстүрлі іс-шараны Алматы қ. Гете-Институты, ДААД (Неміс академиялық айырбас қызметі), Қазақстан-неміс университеті, Қазақстан Республикасындағы неміс тілдері мұғалімдерінің ұлттық одағы және Алматы қ. Германия Федеративті Республикасының Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырды. Съездің тақырыбы «Selbstaendiges und koopertives Lernen im Deutschunterricht» («Неміс тілі сабақтарында оқушылардың өздік және кооперативті жұмысы»), бүгінгі күн тұрғысынан өзекті болып табылады. Съезд жұмысында 150-ден астам мұғалімдер мен Қазақстанның барлық аймақтарынан жоо оқытушылары қатысты.

Толығырақ 

Қазақстан Республикасындағы он үздік мұғалімдердің қатарындағы ұстаз

Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ аясында өткен АҚШ елшілігінің TEA конкурс бағдарламасы CLIL (ағылшын тілі мен пәнді кіріктіру) жобасына қатысушы және ағылшын тілін зерттеуші №69 ЖББМ биология пәнінің мұғалімі Дякина Елена Викторовна Қазақстандағы он үздік мұғалімдердің қатарына енгізілді.

Толығырақ 

Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ RELO грантын алды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ АҚШ елшілігінің RELO грантына қол жеткізді. Грант бойынша АҚШ жоғарғы оқу орындарының оқытушысы қаладағы білім беру мекемелерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері үшін семинар, тренингтер ұйымдастырды. ЖББМ және гимназия, лицейлерде ағылшын тілі пәнін өткізудің жаңа әдістерін игеруге арналған курс тамыз айының 3 – 10 аралығында өтті.

Толығырақ 

«Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру: жағдайы, тәжірибесі, келешегі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді

На базе филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по Костанайской области» 10 июня 2015 года проведена международная научно-практическая конференция «Повышение квалификации педагогических работников: состояние, опыт, перспективы».

Толығырақ 

 «Өрлеу»  БАҰО» АҚ & ЕҚЫҰ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ және ЕҚЫҰ аз ұлтты істермен айналысатын жоғарғы комиссариатымен келісілген, ынтымақтастық меморандумның шегінде көп тілді және көп дақылды шаруашылық тақырыптарына 2015 ж. 02-06 маусым арасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ жанында «Тіл мен пәнді біріктіріп үйрету әдісі: ерекшеліктері, артықшылықтары, әдістері және оларды жүзеге асыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті.  

Семинар-тренингтың мақсаты – Қазақстан Республикасында сарапшылық әлеуетті дамыту және тренерларды пәнді біріктіріп оқыту  және тілді ары қарай көптілді білімге дамыту сұрақтары бойынша дайындау. 

Семинар-тренингтың қатысушылары болып көптілді білімді оқу қызметіне біріктірген  «Өрлеу» БАҰО» АҚ 17 филиалдарының оқытушылары, директор орынбасарлары және мектеп оқытушылары болды. Барлығы – 30 адам. 

5-күндік семинар-тренингтан қатысушылар пәнді және тілді біріктіріп оқыту әдісі бойынша жалпылама түсінік алды, оның қолдану тәсілдерін, оқушылардың пәннің мазмұнын меңгеру және тіл дамыту икемділіктерінде жаңа білімдерін  қолдану тәсілдерін алды. 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ & Гриффит университеті

2015 жылғы 16 сәуірде «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру  Ұлттық орталығы» АҚ басқармасы мүшелерінің  және Гриффит Университетінің өкілдерімен, өңірлік менеджер  Энтони Брэдлимен және білім саласындағы консультант Вероника Кустенкомен кездесуі болып өтті.

«Өрлеу» БАҰО АҚ мен Гриффит Университеті 2013 жылы жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шегінде Австралиядағы «Өрлеу» БАҰО АҚ қызметкерлерінің тағлымдамасын  ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі  бірлескен қызметті жүзеге асырды.

Кездесу барысында  екі елдің қазіргі білім саласындағы оқушылар құрамы аз мектептердің рөлі, ауыл мұғалімдерінің  біліктілігін арттыру нысаналары туралы өзекті мәселелер талқыланды.

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар, қашықтықтан  оқыту технологиясы негізіндегі жаңа білім беру әдістемелерінің негізінің дамуы оқушылар  құрамы аз мектептердегі мұғалімдер  жұмысына үлкен ықпал ететіндіктен педагогтарды кәсіби жетілдіру мен  оқытудың  жаңа дағдыларын шеруге баса назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша білікті арттыру жүйесінің нақ осы басым бағыты бойынша бірлескен жұмысты, қазіргі жағдай туралы ақпаратты жинау мен талдауды,  Австралия мен Қазақстан  білікті арттыру жүйелері өкілдерінің қатысуымен он-лайн конференциялар өткізуді, сондай-ақ оқушылар  құрамы аз мектептер мұғалімдері үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша  жұмыстарды  жалғастыру ұйғарылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ & British Council

      2014 жылдың 25 тамызында ағылшын тiлi мұғалiмдерi үшiн электрондық оқыту жобасы басталды.

Жобаның мақсаты:  сабақ беру барысында оқушылардың дамуына бағытталған тіл дыбысын жазу, айту, оқу және жазу дағдыларын British Council онлайн ресурстарын қолдану арқылы – мұғалiмдерге алған қажетті электронды дағдыларын  қолдануды үйрету. 

Жоба барысында жобалық команда  1 ден 11 сыныптарға дейiн барлық бiлiм деңгейлерінде ағылшын тiлiн зерттеудегі  ҚР МБА өңделген оқу бағдарламасына  сәйкес онлайн ресурстарына қажетті  талдау жүргiзiп, iрiктеп зерттейді.

Жұмыстың нәтижесi  "1 ден 11 сыныптарға дейiн ағылшын тiлi сабақтарында онлайн ресурстарды пайдаланудың әдiстемелiк жөн-жобалары", сонымен бiрге бағдарламаны, iлеспе картаны онлайн ресурстарының сiлтемелері және вэбсайтарға тiркеуге арналған ұсыным және ресурстарды оқу процесiн пайдалану жәрдем ақысының мөлшерінде көрiнеді.


«Өрлеу» БАҰО» АҚ & Korea Soongsil Cyber University

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Оңтүстік Кореяның Сеул қ. кезекті сапарын ұйымдастырды.

    «Өрлеу» БАҰО АҚ 17 филиалының мамандарының машықтануы «Smart-оқыту негізінде педагогтың біліктілінін арттыру» атты бағдарламада  ұйымдастырылды және 2014 жылдың 14-23 мамыр аралығында Оңтүстік Кореяның Сеул Ұлттық университеті құрамындағы Корей Саншил Кибер университетінде (Korea Soongsil Cyber university) өтті.

Сапардың мақсаты: Smart-білім беруді ұйымдастыру саласы бойынша қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру. Сапардың негізгі бағыттары:

  1)  кореялық білім беру жүйесінің даму беталысын қарастыру;

  2)  педагогтардың Smart-жүйелерімен жұмыс істеу тәжірибесін зерделеу:

  3)  аппаратпен қамтамасыз ету және Smart-оқыту контентін даярлау технологияларын зерделеу;

Төмендегідей жұмыс түрлері атқарылды:

1) лекциялар, тәжірибелік жұмыстар;

2) білім беру мекемелеріне бару (бастауыш мектеп, тілдер жоғары мектебі, мүмкіндіктері шектеулі балалар мектебі);

3) Smart-білім беру контентінің жазу студиясына, ақпараттық технологиялар мұражайына бару;

Дайындық курсы кезінде Оңтүстік Кореядағы Smart-білім берудің даму беталысы стратегиясы және оның барлық бағыттары жайлы ақпарат алынды. LMS оқытуды басқару жүйесі және электронды оқытудың Smart технологиялардан айырмашылығы қарастырылды.

 

2013 жылдың 25-29-қаңтар аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ және ББЖ ҚБАРИ бірігіп «e-Learning үрдісі» атты халықаралық семинар өткізді. Курсты Корея Ұлттық Ашық Университетінің профессоры, электрондық білім беру бойынша Корея Стандартының сарапшысы, Хан Таэ Ин мырза жүргізді.

2013 жылдың 5-ақпанынан бастап «Қазақстандық тренер: тәжірибе, ынтымақтастық және келешек» атты Республикалық семинар-жиналыс басталды, оның дайындығына бөлімнің бүкіл жеке құрамы қатысты

Ақпанның 14-16-аралығында Британдық кеңеспен бірлесе отырып «Ағылшын тілін үйренудегі сандық технологиялар» жобасы бойынша курстар ұйымдастырылды. Наурыз айының ішінде Британдық кеңестің мамандары жеті аймақ бойынша курстар өткізді.

2012 жылдың 10-желтоқсанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ және оның филиалдарының қызметкерлерінен тұратын делегация e-Learning бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өту үшін Оңтүстік Корея Республикасына жіберілді. Электрондық білім беру курстары бойынша біліктілікті арттырумен айналысатын шетелдік ұйымдарды іздеуге байланысты бөлім тапжылмай жұмыс жасады. KERIS (Кореяның Білімдегі Зерттеу және Бағдарлама Қызметі)және Сеул Кибер Университетімен ынтымақтастық туралы Меморандум және қызмет көрсету туралы келісімге қол қойылды. Осы шетелдік іссапарға байланысты барлық қажетті дайындықтар жасалды (визалар, әуе билеттері, құжаттар және т.б.).

Делегация өздерімен бірге электрондық оқыту курстарының мәліметтерін алып келді. Бөлім бұл мәліметтерді орыс тіліне аударды. Енді біздің оқытушылардың онымен танысуға және қолдануға мүмкіндіктері бар.

 

2012 жылдың 5-желтоқсанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ және оның филиалдарының басшыларынан тұратын делегация Educare компаниясының шақырумен Сингапур Республикасына жіберілді. «Орта мектепте сабақ берудің жаңа әдісі» тақырыбы бойынша 10 күндік семинар жүргізілді. Бөлім білім беру саласындағы басшылардың біліктілігін арттырумен айналысатын шетелдік ұйымдарды іздеу жұмыстарын жасады. Олармен ынтымақтастық туралы меморандум және қызмет көрсету туралы келісім жасалды.

 

2012 жылдың қазанынан «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының» халықаралық ынтымақтастық бөлімі шетелдік тренер-кеңесшілерді үш айлық біліктілікті арттыру курстарына енгізу бойынша алғаш рет жұмыстар атқарды. Осы жобаны жүзеге асыру барысында департаментпен 54 шетелдік оқытушыны іріктеу жұмыстары жасалды, визалық қолдау және визалық қамтамасыз етуді даярлау, Орталықтың 17 филиалы бойынша тарату және олардың филиалдардағы жұмысын қадағалау орындалды(оқытушылар тізімі қоса тіркелген).

Сонымен қатар 2012 жылдың қазанынан бастап білім саласындағы, негізінен мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша біршама жеке әрі мемлекеттік, халықаралық ұйымдар мен мекемелермен серіктестік қатынастарды құруға байланысты жұмыстар жасалды.