Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ББЖ ҚБАРИ директоры – Балақаева Гүлнәр Төлтайқызы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

Қысқаша тарихы

• 1965 жылы – ҚазССР Министрлер Кеңесінің 18 желтоқсандағы №899 Жарлығымен 1965 жылы мұғалімдердің білімін жетілдіру институты құрылды (МБЖИ);

• 1995 жылы – Техникалық және кәсіптік білім беру кадрларының біліктілігін арттыратын Республикалық орталығы МБЖИ құрамына қосылды;

• 1996 жылы - МБЖИ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институты(ББЖ КБАРИ) болып аталды;

• 2000 жылы – ББЖ КБАРИ білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің үйлестіруші және әдістемелік- ұйымдастырушы мекемесі(ҚР БжҒМ 2000 жылғы 29 желтоқсандағы №1211, 2 пункт бұйрығы) болып анықталды;

• 2012 жылы – ҚР ББЖ ҚБАРИ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филалы болып қайта құрылды;

ҚР ББЖ ҚБАРИ-де жыл сайын облыстық, қалалық, аудандық білім басқармаларының (бөлімдерінің) басшылары, колледждер, кәсіптік лицейлер, жалпы білім беретін мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдар және қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары, әдіскерлері, республиканың барлық аймақтарынан 5 мыңға жуық адам біліктілігін арттырады. 2012 жылдан бастап институт мұғалімдердің біліктілігін арттыратын Кембридж бағдарламасының 3 айлық курсын енгізді.

2011 жылдан бастап «E-learning» электрондық оқыту жобасы жүзеге асыруға қатысуда. 2011- 2012 жылдары осы жоба аясында ҚР ББЖ ҚБАРИ-де 16000 білім беру ұйымдарының қызметкерлері курстан өтті.

Министр Б.Т. Жумагуловтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тарапынан педагогика саласының мамандығы бойынша ҚР ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыратын жаңа ауқымды Бағдарламасы жүзеге асуда.

ББЖ ҚБАРИ құрылымы

Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары - Семченко Александр Александрович, педагогика ғылымдарының кандидаты. Директордың инновациялық даму жөніндегі орынбасары – Ақтымбаева Айгүл Сағындыққызы, PhD. ҚР ББЖ ҚБАРИ құрамын 7 кафедра және 10 бөлімнен тұрады. Кафедралар: педагогика және инклюзивтік білім беру кафедрасы, білім берудегі менеджмент кафедрасы, ақпараттық технология және электрондық оқыту кафедрасы, педагогтың кәсіби дамуы кафедрасы, тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасы, жоғары мектепте оқыту мен білім беру әдістемесі кафедрасы, халықаралық білім беру бағдарламасы кафедрасы. Бөлімдер: қаржы бөлімі, әкімшілік- шаруашылық бақару, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бөлімі, әдістемелік қамтамасыз ету және баспа қызметі бөлімі, қашықтықтан оқыту бөлімі, талдау және мониторинг бөлімі, академиялық сұрақтар жөніндегі бөлім, кітапхана, мұражай, техникалық қызметкер бөлімі. Білім берудегі менеджмент кафедрасы кәсіби құзыреттілік мониторингісін, адам капиталы дамуын және басшының көшбасшылық әлеуеттілігін педагогикалық жобалауды, мектеп пен колледжді басқару бағдарла- маларын жүзеге асырады.

Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасы жастар арасында белсенді азаматтық ұстаным, патриотизм, әлеуметтік жауапкершілік, жоғары адамгершілік және көшбасшылық сапалардық алыптастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мәселелері бойынша педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттырубағдарламаларымен жұмыс жасауда. Халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен (ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ХҚКҚ, ҚКҰҚ) бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Педагогтардың кәсіби дамуы кафедрасы Кембридж бағдарламасының тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру үдерісінде білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзырлылығын дамытуды ғылыми және оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етумен айналысады. Педагогика және инклюзивтік білім беру кафедрасы жалпы орта және инклюзивтік білім берудің стратегиялық бағыттарын дамыту, арнайы (түзету) білім беру ұйымдарына оқу- тәрбие үдерісін жетілдірудің жаңа амалдарын насихаттау, білім берудің жаңа технологиялары негізінде көптілдікті енгізу саласында қызметкерлердің біліктілігін арттырады.

Халықаралық білім беру бағдарламалары кафедрасы тыңдаушыларды шетел университеттерінде оқытуды; шетелдік оқу бағдарламаларын енгізуді, шетелдік профессорларды оқу сабақтарын өткізуге тартуды қамтамасыз етеді. Жоғары мектепте оқыту мен білім беру әдістемесі кафедрасы педагогикалық жоғары оқу орындары үшін жаңа бейнедегі кәсіби құзыретті, болашақ мектеп мұғалімдеріне сыни ойлау тұрғысынан білім беруге қабілетті оқытушыны қалыптастыруды жүзеге асырады. Ақпараттық технологиялар және электрондық оқыту кафедрасы e-learning жобасын, республикалық және халықаралық жобаларды жүзеге асыра отырып, заманауи АКТ мүмкіндіктерін үйретеді. 1988 жылдан бастап Республикадағы жалғыз Қазақстанда білім берудің даму тарихы Мұражайы жұмысын жалғастырып келуде. Онда 2 мыңнанастам экспонат бар және жылына 4,5 мың адам мұражай жұмысымен танысады. ҚР ББЖ ҚБАРИ кітапханасы республикадағы шетелдік және отандық мол педагогикалық әдебиеттер жинақтаған кітапқоры – 31 мыңды құрап отыр. Жылына кітапхана 5 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеді.