
Ақпарат
"Өрлеу" БАҰО АҚ баспасөз қызметі

Ақпараттық хат
ББЖҚБАРИ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 232 қаулысымен құрылды. Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институт пен 16 облыстық және Астана, Алматы қалалық біліктілікті арттыру институттары Ұлттық орталықтың филиалдары ретінде анықталды...
«Өрлеу» БАҰО АҚ басты қызметі - әлемдік және қазақстандық озық тәжірибені енгізу негізінде жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін педагог кадрлар біліктілігін жүйелі түрде арттыру.
«Өрлеу» БАҰО АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі педагогтар біліктілігін арттыратын әлемдік жетекші білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста.
«Өрлеу» БАҰО АҚ жыл сайын түрлі деңгейдегі 73,3 мың педагог қызметкерлер біліктілігін арттыруды жүзеге асыруда.
«Өрлеу» БАҰО АҚ біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі аясында Қазақстан Республикасында білім сапасын көтеруді қамтамасыз ететін білім берудің жаңа философиясы мен қазіргі инновациялық педагогикалық технологияларын енгізу қолға алынған.
Ақпарат
"Өрлеу" БАҰО АҚ баспасөз қызметі
Ақпараттық хат
ББЖҚБАРИ
Институттың мекен-жайы:Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі,71
«Өрлеу» ҰБАО АҚ филилалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры – Исимбаев Еркін Тұрашұлы.
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары – Акишева Айсулу Кенесқызы.
Кафедралар-3
1.Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық–педагогикалық сүйемелдеу кафедрасы.
2.Жаратылыстану-ғылыми (гумани-тарлы) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасы.
3.Мектепке дейінгі тәрбие және бас-тауыш оқыту кафедрасы
5 бөлім бар
Институт тарихынан
1 сәуір 1951 жыл
Ақмола облыстық халықтық білім беру бөлімінің 1951 жылғы 31 наурыздағы № 21 бұйрығының негізінде және Қазақ КСР Министрлер кеңесінің қаулысын орындау мақсатында Ақмола қаласындағы әдістемелік кабинет облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты болып қайта құрылды.
1996 ж.
Целиноград мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының штатында жиырма төрт маман тіркелген. Осы жылы институт ТМД-да оқытудың компьютерлік тәсілдері технологиясын алғашқы енгізгендердің бірі болды. Ақмола облыстық білім басқармасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 206 бұйрығымен Ақмола облысы мұғалімдерінің білімін жетілдіру институты педаго-гикалық кадрлардың біліктілігін арт-тыру және қайта даярлау институты болып қайта құрылды.
1999 ж.
Облыс орталығы Астана қаласынан Көкшетау қаласына ауыстырылды, институт өз жұмысын Көкшетау облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты базасында жалғастырды.
2001ж.
Институттың атауы білім қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты болып өзгертілді. Институт филиалдары Степногорск, Щучье, Астана қалаларында жұмыс істейді.
2005 ж.
Мемлекеттік қызмет қызметкерлерін қайта даярлау институт құрамынан шығарылды. Біліктілік арттыру институтының құрылымына 12 жылдық білім беру проблемаларының лабороториясы, дарынды балалармен жұмыс кабинеті, редакциялық-баспа қызметі кабинеті енгізілді.
2011 г.
Ақмола облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының құрылымында 5 кафедра: