Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «АОПҚБАИ» директоры – Абишева Нургуль Молдабаевна, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

 Институт Тарихы

  • 1948 жылы – ҚазССР Министрлер Кеңесінің 18 тамыздағы Жарлығымен 1948 жылы Ақтөбе облысы мұғалімдерінің білімін жетілдіру институты құрылды;
  • 1997 жылы – Ақтөбе облысы білім басқармасының бұйрығымен 7 қаңтардағы БАИ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті жанындағы біліктілікті арттыратын бөлім болып қайта құрылды;
  • 1999 жылы – Ақтөбе облысы әкімінің 17 қыркүйектегі №160 шешімімен 1999 жылы Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты болып аталды;
  • 2012 жылы қазан айының 2 жұлдызынан бастап – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы», «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» болып қайта құрылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

«АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТ» құрылымы

Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары – Кибатаева Нұрсұлу Қазанғапқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» құрамы 4 кафедра және 8 бөлімнен тұрады.

Соңғы үш жылдықта колледждер, кәсіптік лицейлер, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, мектепке дейінгі ұйымдар және қосымша білім беру ұйымдарының, директордың орынбасарлары мен әдіскерлері, жалпы алғанда облыстың барлық аймақтарынан 13687 педагог біліктілігін арттырды

Кафедралар: мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру кафедрасы, жаңа технологиялар және жаратылыстану ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы, тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы, мектепке дейнгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасы.

Бөлімдер: әкімшілік шаруасы жөніндегі басқарма, академиялық бөлімі, қаржы бөлімі, корпоративті дамыту бөлімі, мониторинг және талдау бөлімі, баспа қызметі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімі, қосымша өндіріс, техникалық қызметкерлер бөлімі

Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасы үздіксіз үдерісте мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру

педагогтарының біліктілігін арттыру, бастауыш және мектепке дейінгі білім білім беретін ұйымдары педагогтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру,облыстың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру ұйымдарында инновациялық технологияларды, әдістемелерді, бағдарламаларды енгізу бойынша ғылыми-

әдістемелік және психология-педагогикалық қолдау көрсетеді.

Жаңа технологиялар және жаратылыстану ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының жұмысы 3 негізгі бағыт, яғни оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеушілік бағыттар бойынша

жүзеге асырылады. Ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін мектептерде оқыту әдістемелерін жаңарту болып табылады.

Мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру кафедрасы психологиялық – педагогикалық әдістерді андрагогикалық бағыттармен байланыстыру арқылы үздіксіз дамыту, мұғалімдердің жеке мәдениетін дамыту және кәсіби өсу жағдайын құру, мұғалімдердің кәсіптік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік құзыреттіліктерінің өсуіне жағдай жасау, олардың педагогикалық шеберлігінің деңгейін және эрудициясын дамыту бағыттарында жұмыс жасауда..

Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы педагогтардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және кәсіби білімін арттыру, білімнің жаңашыл жағдайында педагогтарды дайындау, жаңашыл білім беру жағдайында тәрбиешілердің кәсіби қызметі жүйесін қалыптастыру қызметін жүзеге асырады.

Институт кітапханасы ресей және отандық мол педагогикалық әдебиеттерден жинақталған кітапқоры – 40 мыңға жуық бірлікті құрап отыр. Жылына кітапхана 5 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеді.