Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Адрес : Алматы қ,Қалдаяқов көшесі, №62.

Институт Тарихы 

• 1957 жылы – мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының іргетасы қаланды;

• 1992 жылдың қаңтар айында Алматы қалалық білім басқармасы жанынан Білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты болып қайта құрылды;

• 2012ж. 20-ақпанда №263-1910-06-МК Біліктілікті арттыру институты Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып тіркелді;

• 2012ж. 2-қазанда №58-1910-06-ф-л Алматы қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы болып құрылды.

Жыл сайын Алматы қ. бойынша ПҚ БАИ қалалық пән мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру мамандарына, коррекциялық, техникалық және кәсіптік қосымша білім беру ұйымдарының мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.

Институт өз жұмысын біліктілікті арттыру жүйесінің өзекті мәселелерін тиімді шешуге бағыттайды:

- мұғалімдерді 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге даярлау;

-көптілділікті ендіру аясында жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерін ағылшын тілінде дайындау;

-жалпы білім беретін мектептерге инклюзивті бағдарламаны тарату үшін мамандандырылған стратегиялар мен ресурстарды қолдану;

- мектепке дейінгі білім беруде М. Монтессори, Н. Зайцев, «Шаг за шагом» және басқа да жаңашыл технологияларды ендіру;

- ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі бойынша ішкі-қашықтықтан оқыту;

- ТКББ оқытуда дуальді жүйені ендіру;

Қалалық білім беру жүйесінде 2010-2012 жылдары 13122 педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттырды. 2013 жылы 2235 тыңдаушыны оқыту жоспарлануда. Осы оқу жылында қысқа мерзімді курстар өндірістен қол үзбей өткізіледі. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін 492 мұғалім біліктілігін арттыру жоспарлануда.

2012 жылдың сәуір айынан бастап, өндірістен тыс 3 айлық курс өткізіліп келеді. Үшінші (базалық) деңгей бойынша қала мектептерінен 300 мұғалім, республикалық мектептерден 12 мұғалім курстан өтті. Барлық білім алған мұғалім саны – 312, оның сертификатталғаны – 301.

2013 жылы үшінші деңгей Бағдарламасы бойынша 560 педагог мамандарын оқыту үшін 22 курс өткізу жоспарлануда.