Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Адрес: Қазақстан Республикасы, Алматы к., Қабылов 50

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,филология ғылымдарының докторы, Алматы қалалық маслихат депутаты –  Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы 

Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент – Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы

 

     «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» директорының орынбасары, Директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты – ИБРАГИМ Қайрат Әменұлы

 

Институт құрамында 1 басқарма, 4 кафедра, 1 орталық, 8 бөлім жұмыс атқарады.

Кафедралар: «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау» кафедрасы, «Инновациялық технологиялар және ғылыми- жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасы, «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасы, «Басқару және білім сапасы» кафедрасы.

Орталық: «Деңгейлік бағдарламалар» орталығы.

Бөлімдер: Академиялық бөлім, Мониторинг және талдау бөлімі, Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімі, Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі, Ақпараттық технологиялар бөлімі, Қаржы бөлімі, Кітапхана, Әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

Институт тарихы

  • 1951 ж. – Қазақ КСР Білім Министрлігінің 15 наурыздағы №84 бұйрығы негізінде Алматы облыстық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институты болып құрылды (АОМБЖИ).
  • 1959 ж. – Талдықорған облыстық мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының қызметі Алматы облыстық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институтына берілді.
  • 1992 жылғы 3 шілдеде Облыстық білім басқармасының №285 бұйрығы бойынша институт Алматы облыстықмамандар кәсібін дамыту  институты болыпөзгертілді.
  • 2012 жылдан бастап «Өрлеу» «Біліктілікті АрттыруҰлттық Орталығы» Акционерлік Қоғамының филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» болып  қайта құрылды.

Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау  кафедрасы жалпы білім беретін мекемелердегі пән мұғалімдерінің психологиялық-педагогикалық дайындығын жүзеге асырады. Кафедраның профессор-оқытушыларыкурс тыңдаушыларының кәсіби құзыреттілігі мен шеберлігін дамытуда психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау көрсетеді. Ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастырып, инновациялық технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге атсалысады.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, конгрестер мен симпозиумдарға белсене қатысып, ғылыми-зерттеушілік әлеуеттерін үздіксіз кеңейтіп отырады.

Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану (гуманитарлық) ғылымдарын оқыту әдістемесі кафедрасы облыстағы математика-жаратылыстану жене гуманитарлық бағыттағы пәндердің мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, әдістемелік-шығармашылық құзыреттілігін дамытуға,  әлемдік және отандық білім беру жүйесіндегі заманауи үрдістер мен оқытудың инновациялық технологияларын басшылыққа ала отырып, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруға ықпал етуді жүзеге асырады. Кафедра Алматы қаласында орналасқан ЖОО-мен, Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясымен, Республикалық ақпараттық оқу орталығымен, облыстық,аудандық әдістемелік  кабинеттермен және эксперименттік алаңға кіретін мектептермен ғылыми-әдістемелік байланыста болып, біліктілікті арттыру курстарын жүргізу және пән мұғалімдеріне әдістемелік  көмек көрсетумен  айналысады.

        Кафедра информатика пәнінің әдіскерлері Алматы облысы  білім беру  ұйымдарында   оқу-тәрбие үдерісіне автоматтандыру технологиясын енгізуді жүзеге асыру бағытында «e-learning» пилоттық  жобасының негізінде  140 мектептің  1400-ден астам  педагогін қамтып, білімін жетілдірді. Оны практикада пайдалану бағытында шаралар жасалуда.Intel  қашықтықтан білім беру  технологиясы  бойынша оқыту  үдерісін ұйымдастыру  ережесі дайындалуда.

Білім беру жүйесіне электрондық оқыту жүйесін (e-learning) енгізу арқылы инфрақұрылымдарды технологияландыруды; электрондық журналдар мен күнделіктер бойынша жұмысты; электрондық оқыту жүйесі (e-learning) үшін интернетті; web-серверлержәне  мәліметтер базасы серверлерін басқару технологиясын; білім беру мазмұнын контенттеу технологиясын жобалау,дайындау және т.б.мәселелерді ендіру  жүргізілуде.

 ХХ ғасырдың мәні және негізін анықтаған ақпараттық технологиялардың орнына Smart-экономика, Smart-білім, Smart-қоғамды  дамытуға жаңа жол ашқан Smart-технологиялар келді.

Сондай-ақ, институт базасында  Smart – оқыту бойынша педагогтердің біліктілігін «әрқашан, барлық жерде және кез келген уақытта» көтеруге мүмкіндік жасалып, курстар өткізілуде. Бұл педагогтердің  өз бетінше кәсіби өсу траекториясын дамытуға, қала мен ауыл педагогтерінің деңгейлерінің  теңесуіне, халықаралық білім беру кеңістігіне жол ашады.

Қазіргі заманғы Smart-технологиялар – оқытудың негізгі аспектілері –бұл оқытудың  икемді және ашық білім беру ортасын  жасау: гаджеттерді, ашық білім беру ресурстарын, басқару жүйесін пайдалану.

Smart learning -  бұл керекті ақпарат көздері санының, мультимедия (жазба, бейне, графикалық) түрлерінің  көптігі, қарапайым және тез белгілі бір деңгейге бейімделу қабілеті мен мобильді құрылғылардың көмегімен оқушыларды  икемді оқытуқажеттілігі болып табылады.

 

Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасы оқытушылары облыстағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Тәрбие тұжырымдамасына» сай жүргізіп, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатындағы бағдарламаларды дайындайды, дамытады және жүзеге асырады. Білім беруді модернизациялау кезеңінде рухани қалыптасып, адами құндылықтарды игерген, бәсекеге қабілетті азаматтарды ұлттық тәрбие негізінде дамыту арқылы педагог мамандардың біліктілігін арттырады. Осы мақсатта әдістемелік кешендер мен құралдарды даярлайды, ұсыныстар әзірлейді. 

«Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасы 2013 жылдың   қыркүйек айында құрылған. Кафедра оқытушыларының алдағы уақыттатәрбие мазмұны мен құрылымын заман талабына сай дамытуды негізгі бағыты ретінде алып отыр.

Басқару және білім сапасы кафедрасы  білім беру ұйымдары басшыларының, педагог мамандардың оқу-тәрбие үдерісіне менеджмент ұстанымдары негізінде корпоративтік басқаруды енгізуді жүзеге асырумәселелері бойынша біліктілігін шыңдайды және білім сапасын жетілдіру бағытындағы әдістемелік шараларды жүзеге асырады.Білім беру ұйымдарындаэксперименттік-тәжірибе жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізеді. Кафедра оқытушылары басшы мамандар мен педагогтардың іс-тәжірибелерін зерттейді, жинақтайды, насихаттайды.Кафедра қызметіне сәйкес әдістемелік нұсқау, құралдар дайындайды. Республикалық, халықаралық деңгейлерде өтетін педагогикалық шараларға тәжірибе алмасу мақсатында қатысып, ой бөліседі. Білім беру ұйымдарымен серіктестік, ынтымақтастық бағытындағы жұмыстарды жүргізеді, функционалды сауатты оқушыны дамытуға ықпал жасайды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы АОБПҚБАИ кітапханасы – білімді, рухани және интеллектуалды қатынасты, мәдениетті тарату орталығы болып табылады. Кітапхана жұмысы білім алушылардың жан-жақты дамып қалыптасу міндетін шешуге бағытталған, білікті әрі еңбек нарығына қажет мамандар мен ғылыми қызметкерлерді дайындауға бағытталған.

Кітапхана қоры 5017 дананы құрайды. Кітапханада ғылымның әр түрлі бағыттарындағы педагогика, психология (жантану), тіл және мектеп бағдарламасына енгізілген пәндерді оқыту барысындағы әдістемелік құралдар мен еңбектер жинақталған. Жылына кітапхана 4 мыңға жуық оқырманға қызмет көрсетеді. Институт кітапханасы жыл сайын 50-ге жуық қазақстандық мерзімді басылымдармен толықтырылуда.

Институт қызметінің негізгі бағыттары – педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, курсаралық қызметті ұйымдастыру және өткізу, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, баспа қызметін жүзеге асыру.

Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2016 жылы мектепке дейінгі, орта, қосымша және инклюзивтік білім беру бағыттары бойынша  қысқа мерзімді курстар өткізілуде.

         Ал, «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы бойынша 166 тыңдаушы оқыды, 151 тыңдаушы сертификат алуға ұсынылды.

        «Сабақтағы жалпы адамзаттық құндылықтар» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарында 50 мұғалім курспен  қамтылды.

        2016 жылы институтта жалпы білім беретін пән мұғалімдері үшін 89 ақылы курстар ұйымдастырылып, 2159 тыңдаушы біліктіліктерін арттырды.

        Елімізде орта білім  мазмұнын жаңарту аясында ауқымды іс-шаралар жүргізіліп жатқаны белгілі. Жаңартылған білім мазмұнын ендіру кезең-кезеңмен жүзеге асады және оған барлығы 4 жыл уақыт беріліп отыр. Дәлірек айтсақ, 2016 жылы – 1 сыныптар, 2017 жылы – 2, 5, 7 сыныптар, 2018 жылы – 3, 6, 8, 10 сыныптар, 2019 жылы – 4, 9, 11, 12 сыныптар.  

        Осыған байланысты 2015 жылы республика бойынша Қазақстан Республкасының орта білім  мазмұнын жаңарту аясында бастауыш және орта сынып сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында тренерлер дайындалды. Бұл ретте «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы, Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридждің Халықаралық емтихан кеңесінен Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын  жаңарту аясында мұғалімдердің біліктілігін арттырудың 6 түрлі бағыты бойынша тренерлік курстан 25 (оның ішінде 1 PhD доктор, 6 ғылым кандидаты) институт қызметкерлері өткен. 

  1. «Бастауыш сынып» бойынша;
  2. «Қазақ тілі» пәні бойынша;
  3. «Орыс тілі» пәні бойынша;
  4. «Ағылшын тілі» пәні бойынша;
  5. «Музыка» пәні бойынша;
  6. «Бейнелеу өнері» пәні бойынша.

        Еліміздің мектептері биылғы қыркүйектен бастап жаңартылған білім мазмұнына жаппай 1 сыныптан бастап көшетіні белгілі. Сондықтан бұл бағдарламаның мақсат-міндеттері туралы жан-жақты хабардар болу баршамызға маңызды.

        Бағдарламаның мақсаты – бастауыш және орта сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша критериалды бағалау жүргізіледі. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.

Бастауыш және орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2016 жылдың 28 наурыз – 12 тамыз аралығында облыс көлемінде «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» жоспарына сәйкес 157 курс ұйымдастырылып,  4791 тыңдаушы жаңартылған бағдарлама бойынша біліктіліктерін арттырды.

Атап айтсақ:

  1. «Бастауыш сынып» бойынша, тыңдаушы саны – 1394.
  2. «Қазақ тілі» пәні бойынша, тыңдаушы саны – 1010;
  3. «Орыс тілі» пәні бойынша, тыңдаушы саны – 800;
  4. «Ағылшын тілі» пәні бойынша, тыңдаушы саны – 248;
  5. «Музыка» пәні бойынша, тыңдаушы саны – 735.
  6. «Бейнелеу өнері» пәні бойынша, тыңдаушы саны – 604