Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 14.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры - Матыжанов Кенжехан Слямжанұлы, филология ғылымдарының докторы.

Институт Тарихы 

  • 1999 ж. – «Кадрларды қайта даярлау орталығы» МКҚК-ның ашылуы
  • 2001 ж. – «Білім беру жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» МКҚК-да кадрларды қайта даярлау орталығын қайта құру.
  • 2012 ж. – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Астана қаласы бойынша педагог кызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болып қайта құрылды.

2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстаның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандарына арналған 7 оқу модулдік қайта даярлау бойынша модулдік-жинақтық жүйесінің курстары көзделді. Осы мақсатта 2011-2012 жж. аралығында мектепке дейінгі ұйымдардың 2975 педагогы аталған бағыттар бойынша біліктілігін арттырды.

ПҚ БАИ-да 2012 жылдан бастап «НЗМ» ДББҰ-ның үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша жалпы білім беретін мектеп мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүзеге асырылды. 2012 жылы 300 мұғалім білімін көтерді.

2012 жылдан бастап Астана қаласы ПҚ БАИ-да инновациялық технологияларды қолдану арқылы жаңартылған бағдарлама бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылуда.

Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ –дың құрылымы

Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары - Сайпова Әлима Әбдімажитқызы.

Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ құрамында 3 кафедра, 6 бөлім, 1 басқарма және кітапхана бар.

Кафедралар: Мұғалімнің кәсіби дамуын психология-педагогикалық тұрғыдан қолдау көрсету кафедрасы; Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасы; Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасы.

Бөлімдер: Академиялық бөлім; Мониторинг және талдау бөлімі; Бұқарамен байланыс және баспа қызметі жөніндегі бөлімі; Корпоративтік даму бөлімі; Қаржы бөлімі; Техникалық бөлім.

Астана қаласы ПҚ БАИ-дың миссиясы –корпоративтік басқарма, әлемдік және қазақстандық тәжірибе негізінде білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін педагог қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыру. Кафедраларда астаналық педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде ұйымдастыру-шылық, мазмұндық, ақпараттық, ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету жүзеге асырылады.

Онда гуманитарлық пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған психология-педагогикалық жағдай жасау, жаратылыстану-математика пәндері педагогтарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, инновациялық технология-ларды қолдану арқылы мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби шеберлігін дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Астана қаласы ПҚ БАИ-да 2003 жылдан бастап «Білімдегі жаңалықтар» респуб-ликалық ақпараттық-әдістемелік журналы және оның қосымшасы басылып шығарылады.

Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасы оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану, көрсеткіштік бағалау, оқушылардың функционалдық сауаттылы-ғын дамыту, 12 жылдық мектептің Мемлекеттік стандартын енгізу және оған әдістемелік қолдау көрсету аясында педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру бағдарламасын әзірлейді және оны жүзеге асырады.

Мұғалімнің кәсіби дамуын психология-педагогикалық тұрғыдан қолдау көрсету кафедрасы көптілділік білім беруді енгізу, филология пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіру, түзету сыныптарында оқытуды ұйымдастыру, гендрлік тәрбие мәселелері бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруды жүзеге асырады.

Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасы инклюзивті білім беру, М.Монтессори әдістемесін енгізу бойынша мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педаготарының кәсіби құзіреттілігін арттыру бағдарламаларын әзірлейді және оны жүзеге асырады. Кафедра әрбір педагогтың кәсіби қызметіне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетуді, шығармашылық қабілеттерін дамытуды жүзеге асырады

Халықаралық ынтымақтастық

  • Томск Басқарма және радиоэлектроника университетінің «Мектеп университеті» білім беру орталығы
  • Ярославль қаласы Мәдениетаралық коммуникациялар халықаралық институты (Ресей)
  • Иркутск қаласы Білікітілікті арттыру институты (Ресей)
  • Баку қаласы Білікітілікті арттыру институты (Әзербайжан)
  • Қырым қаласы Білікітілікті арттыру институты (Украина)
  • Педагогикалық білім дипломынан кейінгі Донецк облыстық институты
  • Дюссельдорф қаласы Біліктілікті арттыру және ғылыми ақпарат интернационалдық орталығы (Алмания)
  • Гете атындағы Халықаралық институты
  • Британдық Одақ

Филиал қызметкерлерінің сапалық құрамы

  • Ғылым докторы – 2
  • Ғылым кандидаты– 8
  • Филология магистрі -1
  • Магистратурада оқитындар - 5

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Кембридж университетінің білім беру факультеті бірлесіп әзірлеген мұғалімдердің біліктілігін арттырудың 3 (базалық) деңгейлік бағдарламасының тренерлері – 7