Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 060009, Атырау облысы, Атырау қаласы, Авангард 4-ықшам ауданы, Л.Владимирский көшесі, №24

E-mail: a_ipk@mail.ru

Телефон: +7 (7122) 58-63-45, 20-41-04

Институт директорыҒалымжанова Маржан Анесқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі.

Институт тарихы

  • 1950 жылы - Гурьев облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты деген атпен облыстық халық ағарту бөлімі жанындағы әдістемелік кабинет базасында құрылды.
  • 1986 жылы - институт штаты 30-ға жетіп, 21 кабинет меңгерушісі, 1 әдіскер болды. Институтта кітапхана, фильмотека жұмыс жасады.
  • 2002 жылы - 14 ақпандағы №56 бұйрығымен облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының атауы «Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты» болып өзгертілді.
  • 2012 жылы – қазаннан бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы болып қайта құрылды.

Институттың профессорлық – оқытушылар құрамы:

  • профессор, ғылым докторы: 15%
  • доцент,
  • ғылым кандидаты: 15%
  • аға оқытушы, ғылым кандидаты: 3%
  • аға оқытушылар: 67%

Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары - Тәжіғалиева Алтыншаш Сағиқызы, филология ғылымдарының кандидаты.

Институт құрамы 3 кафедра және 8 бөлімнен тұрады.

Кафедралар: Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы, жаратылыстану (гуманитарлық) ғылымдары пәндерін оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасы, тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы.

Бөлімдер: қаржы бөлімі, әкімшілік-шаруашылық басқару бөлімі, қоғамдық-бұқаралық байланыс және баспа қызметі бөлімі, талдау және сараптау бөлімі, академиялық бөлім, инновациялық даму бөлімі, ақпараттық технологиялар бөлімі, техникалық қызметкерлер бөлімі.

Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық- педагогикалық қолдау кафедрасы білім беру ортасында ерікті таңдау, шығармашылық, ынтымақтастық, әлеуметтік серіктестік негізінде мұғалімдердің кәсіби қызметін жетілдіруге ықпал етіп, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді. Сонымен бірге Кембридж бағдарламасының тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру үдерісінде білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзырлылығын дамытуды оқу-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етеді.

Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы облыстағы педагог мамандардың біліктілігін арттыру жүйесінің дамуын, тұлғаны әлеуметтендіру мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетеді. Біліктілікті арттыруды ұйымдастыруда оқу-тәрбие үдерісіне жаңашыл тәрбие технологиялары мен оқытудың жаңа түрлерін ендірумен айналысады.

Жаратылыстану (гуманитарлық) ғылымдары пәндерін оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасы жаңа формация мұғалімінің кәсіби дағдысын қалыптастыруды жүзеге асырады. Инновациялық, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды білім беру үрдісіне енгізумен және үш тұғырлы тілде оқытумен айналысады.

Институт кітапханасында 15281 дана шетелдік және отандық педагогикалық әдебиеттер жинақтаған кітап қоры бар. Кітапхана жылына 3 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеді.

2012 жылдан бастап облыс педагогтардың біліктілігін арттыратын Кембридж университетімен бірлескен 3 айлық курстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі – электрондық оқыту жүйесі(e-learning) жобасы бойынша 2011 жылы 313 мұғалім, 2012 жылы 299 мұғалім біліктіліктерін арттырды.

Соңғы 3 жыл бойынша 13165 мұғалім білімдерін жетілдірді.