Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Мекен-жайы: 0700026 ,Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 160.

ШҚО ПҚ БАИ директоры - педагогика ғылымдарының кандидаты, Байхонова Сауле Зайтанқызы.

 Институт Тарихы

Қазақ ССР Оқу ағарту министрлігінің ұсынысымен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес 1948 жылы облыстық халықтық білім беру бөлімі жанындағы облыстық әдістемелік кабинет негізінде Шығыс Қазақстан мұғалімдерді жетілдіру институты құрылды.

03.02.1998 жылғы №10-к бұйрыққа сәйкес 1998 жылы мұғалімдерді жетілдіру институты атауын «Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру институты» деп өзгертті.

1999 жылы Білім беру департаментінің №212 бұйрығы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру институты «Шығыс Қазақстан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» КМҚК деп қайта құрылды.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің Білім беру басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» КМҚК деп атауы өзгертілді.

2012 жылы институт атауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Шығыс Қазақстан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» РМҚК болды, кейін «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалына айналды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ құрылымы

Директордың орынбасары - педагогика ғылымдарының кандидаты, жуманова Гаухар Сайлаубековна.

ШҚО ПҚ БАИ құрамында 4 кафедра, 5 бөлім және әкімшілік – шаруашылық мәселелер жөніндегі басқарма қызмет атқарады.

Кафедраларда ғылым докторы, профессор - 1, ғылым кандидаттары - 11 және 2 доцент жұмыс істейді.

Кафедралар: Білім беру сапасы мен басқару кафедрасы; Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру кафедрасы; Ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық пәндерін оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасы; Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы.

Бөлімдер: Қаржы бөлімі; Мониторинг және талдау бөлімі; Академиялық бөлім; Қоғамдық байланыс және баспа бөлімі; Техникалық қызмет бөлімі; Кітапханалық қызмет көрсету бөлімі; Инновациялық даму бөлімі, Қашықтан оқу және ақпараттық – техникалық қамсыздандыру бөлімі.

Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру кафедрасы төмендегі санаттардағы педагогтар мен мекеме басшыларының кәсіби біліктіліктерін арттыруды жүзеге асырады:

- мектепке дейiнгi білім беу;

- сынып жетекшiлерi;

- психологтар;

- интернаттар мен түзету мекемелерінің педагогтары.

МПП КДЖ кафедрасы құрамында:

Ташкенбаева С.Ж. – кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.

Абдульманова О.Я. - аға оқытушы.

Берекполова Г.О.- аға оқытушы.

Богдан С.И. - п.ғ.к., доцент.

Ботаханова Б.Б. - аға оқытушы.

Жаманкулова А.К. - аға оқытушы.

Жанузакова Н.А. - аға оқытушы.

Сахариева С.Г. - п.ғ.к., доцент.

Симбаева С.О. - ф.ғ.к., аға оқытушы.

Кафедра педагогтардың біліктілігін арттыру бағдарламалары мен оқу-тақырыптық жоспарлар мазмұны сапалы және тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз ету; мұғалімдерді дайындау және қайта даярлау үдерісін әдістемелік қамсыздандыру (кафедра саласына байланысты оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау); Институт жоспарына сәйкес дәріс және семинарлық, тәжірибелік және басқа да жұмыс түрлерін өткізу, мұғалімдердің инновациялық жұмысын үйлестіру және кеңес беру; негізгі мекемелерге «НЗМ» ДБҰ тәжірибесін енгізуде әдістемелік көмек көрсету бағыттарында өз қызметін ұйымдастырады.