Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Мекен-жайы: 080000 Тараз қ., Төле би даңғылы 69А

Филиал директорының м.а – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Гульшат Оңланбеккызы Медетбекова 

Филиалдың қысқаша тарихы

1. 2005 жылдың ақпан айында Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін қайта даярлау институты құрылды. Институтта 2 кафедра жұмыс атқарды. Олар: «Педагогика және психология», «Үздіксіз білім беру» сонымен қатар 4 әдістемелік кабинет және 1 ақпараттық бөлім жұмыс істеді.

2. Жамбыл облыстық ПҚ БАИ 2012 жылдың ақпан айынан бастап «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Республикалық мемлекеттік коммуналдық мекемесі ретінде қайта құрылды.

3. «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Республикалық мемлекеттік коммуналдық мекеме базасында 2012 жылдың қазан айының 3-де «Өрлеу» АҚ Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» құрылды.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы – Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының миссиясы – өңірде, сондай-ақ елімізде сұранысқа ие жаңа тұрпатты педагогтардың біліктілігін арттыру және оларды қайта дайындауда үздіксіз және жүйелі жұмыс жүргізу. Институт мемлекеттің білім саласындағы стратегиялық міндеттеріне сәйкес білім беру жүйесін түбегейлі жаңартуды көздейді. Осы миссия институттың рухани, эстетикалық және ғылыми құндылықтарға негізделген жұмыс тәжірибесінің және корпоративтік мәдениетінің негізінде жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, институт қызметінің мақсаты білім берудің ұлттық моделін жаңарту жағдайында педагогикалық қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасау болып табылады. Институт мақсатының негізінде оның келесі міндеттері анықталған:

- ҚР «Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес институттың құрылымы мен қызметінің мазмұнын жетілдіру;

- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша консультациялық қолдау көрсету;

- педагогтардың біліктілігін арттырудың тұлғалық бағытталған моделінің негізінде инновациялық практиканы қалыптастыру;

- аймақтың педагогикалық қызметкерлерімен ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;

- заманауи білім беру технологияларын енгізу және бейімдеу үшін жағдайлар жасау;

- педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың халықаралық және отандық үздік тәжірибелерін зерттеу және енгізу.

Институттың қызметтері:

- білім беруді дамытудың мемлекеттік, салалық, өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын орындауға қатысу;

- білім беру жүйесі басшыларының (мектеп директорлары мен басқа да басшыларының) кәсіби шеберлігін заманауи менеджмент бағдарламалары бойынша арттыру;

- өңірлік, республикалық және халықаралық конференциялар мен семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

- ғылыми-әдістемелік, оқу және ақпараттық материалдарды басып шығару.

            Филиал директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы - Утеулина Роза Жаксыбеккызы.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы – Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының құрамында әкімшілік–ұйымдастыру жұмыстары басқармасы, 6 бөлім (қаржы, академиялық, мониторинг және талдау, қоғаммен байланыс және баспа, ақпараттық технологиялар, инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету, техникалық қызмет көрсету), сондай-ақ деңгейлік бағдарламалар орталығы мен 4 кафедра бар: 

-   инновациялық технологиялар және жаратылыстану – ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі;

-   тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру;

-   мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру;

-   басқару және білім сапасы. 

Институттың профессор-оқытушылар құрамы ғылыми әлеуеті жоғары және ғылыми-педагогикалық ұйымдарда көп жыл еңбек еткен тәжірибелі оқытушылардан құралған. Бүгінгі күні институтта 43 оқытушы жұмыс істейді: оның ішінде 3 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы, магистр академиялық дәрежесін иеленгендер -24.