Біздің филиалдар

БжҒМ сайтының информері

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

БҚО ПҚБАИ директоры, педагогикалық ғылымдарының кандидаты - Ізмұханбетова Софья Салахиденқызы

БҚО ПҚБАИ директоры, педагогикалық ғылымдарының кандидаты - Ізмұханбетова Софья Салахиденқызы

Институт тарихынан

1951 ж. – Батыс Қазақстан облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты құрылды.

1953 ж. – тұңғыш «Облыстық педагогикалық оқулар» өткізілді;

1978 ж. – институтта қазақ тілі және әдебиеті кабинеті бойынша мектептерде республикалық семинарлар ұйымдастырылды.

1998 ж. – институтта «Ұстаз» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналы жарыққа шықты.

1999 ж. – Институт қайта құрылып, енді БҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты деп аталды.

2000 ж. – Институт Оралда өткен «Үздік жыл мұғалімі» Республикалық конкурсын ұйымдастыруға қатысты.

2001 ж. – Институт жанынан Облыстық педагогикалық мұражай құрылды;

2002 ж. – Институтта «Жайық ұстазы» ақпараттық, әдістемелік, танымдық газеті жарыққа шықты.

2002 ж. – Институт Орал қаласында өткен мектеп оқушыларының Республикалық олимпиадасын ұйымдастырып, өткізуге қатысты.

2012 ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы біліктілікті арттыру ұлттық орталығы болып қайта құрылды.

БҚО ПҚБАИ құрылымы

Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі директордың орынбасары Сафуллин Елдос Набиоллаұлы

БҚО ПҚБАИ құрамы 3 кафедра және 5 бөлімнен тұрады.

Кафедралар: мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы, инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы, тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы.

Бөлімдер: инновациялық даму бөлімі, ақпараттық технологиялар бөлімі, академиялық бөлімі, мониторинг және талдау бөлімі, баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімі.

Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» 2012 жылдың 5 қазанынан бастап құрылды. Кафедра институт құрамындағы негізгі пәндік бағыттарды біріктірген үлкен кафедра болып отыр.

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к. Муканбетова Ш.Т.

Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының миссиясы – кафедрадағы оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеушілік, оқу-әдістемелік және әлеуметтік потенциалын жоғары кәсіби білімді педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында жетілдіру, ол үшін:

- жоғары деңгейлі кәсіби, әлеуметтік-педагогикалық, құндылық-бағдарлы, жалпымәдени және әлеуметтік-еңбек құзыреттіліктеріне ие педагогтардың этномәдени және БҚО білім беру жүйесі сұранысына сәйкес біліктілігін арттыру;

- құндылық-бағдарлы аспектілерінің тәжірибелік дағдылары, жалпымәдени, оқу-танымдық, ақпараттық, коммуникативті;

- әлеуметтік-еңбек құзыреттіліктері және педагог қызметкердің еңбекке араласуының сәтті әлеуметтенуі, оқушыларды сапалы оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін тұлғалық даму құзыреттілігін қалыптастыру;

- бәсекелестік жағдайында өзін-өзі кәсіби жетілдіруде әдістеме мен технологияларды, сыни тұрғыдан ойлана білуі;

- инновациялық педагогикалық технологияларды жүзеге асыра білу қабілеті, кәсіби және базалық біліміне, білігіне, дағдысы мен құзыреттілігіне сәйкес білімін қайта жетілдіру.

Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, бастауыштағы ағылшын тілі, математика, физика, биология, география, экология, тарих, қоғамтану, дінтану, экономика, бейнелеу өнері, сызу, технология, информатика пәндерінің мұғалімдеріне және институт тыңдаушыларының басқа да категорияларына біліктілікті арттырудың жаңартылған білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Кафедра құрамы 12 бірліктен тұрады: кафедра меңгерушісі – Муканбетова Шыныр Тулегеновна, ғылым кандидаты, доцент – Байдалиев Куатбек Абуталипович, аға оқытушылар – Сафуллин Елдос Набиоллиевич, Молдагалиева Закия Жакуповна, Мурзабулатов Менжан Тилепкалиевич, Абдрахманова Анаргуль Жумабаевна, Куанаева Рысханым Сагинбаевна, Жангалиева Гульнар Мухитовна, Таскалиева Гулдана Ерсайновна, Нургазинова Маншук Кенесовна, Мынжасова Сания Ахашевна, зертханашы – Муханбетова Асель Дулатовна. Оның ішінде: ғылым кандидаты – 2, магистр – 1, екі аға оқытушылар (Сафуллин Е.Н., Абдрахманова А.Ж.) магистратурада білім алуда.

Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының инновациялық технологияларды біліктілікті арттыру курстарында қолдану тәжірибесінде:

- білім мазмұнын жаңарту, жаңа оқу бағдарламаларын жасау;

- интерактивті оқыту технологияларын қолдану;

- компьютерлік технологияларды пайдалану;

- педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жақсарту;

- өз бетімен білім алудың нәтижелілігін қолдау;

- білім беру процесіне мониторинг өткізу және тыңдаушыларды тұлғалық дамыту;

- жаңа әдістемелік құралдар даярлау.

Кафедра тәжірибесінде қолданылатын инновациялық технологиялар: интерактивті оқыту технологиялары, белсенді әдістер және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Басқа адамдармен өзара әрекетесуге қабілеттілік – азаматтық қоғамның негізгі құрамдас бөлігі. Оқытудағы кооперация: топтық жұмыс (орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері курсында)

Педагогтерді топта жұмыс жасау тәжірибесімен байыту оларға өз қызметінде топтағы оқытуды ұйымдастыруғаи негіз болады.

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар бүгінгі таңда оқу процесін белгілі бір қашықтықта ұйымдастыруға толық мүмкіндік береді. С.Сафуллиннің бейнедәрісті өткізу кезі. Сеулдағы Кибер университеті.

Жобалау технологиясы педагог тұлғасының шығармашылық қабілеттері мен сапаларының дамуына жағдай жасайды. Тыңдаушы А.Елемесова ағылшын тілі мұғалімі, жоба қорғау сәті.

Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы – БҚО бойынша ПҚБАИ-да ғылыми–әдістемелік құрылымының базалық бөлімінің бірі. Кафедра 2004 жылы құрылды.

Әдістемелік тақырып: «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі - нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшудің шарты ретінде»

Мақсаты: Кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың шарттарының бірі ретінде курстық шараларға педагогикадан, дидактика және психологиядан оқу бағдарламасының модулін жасақтау және енгізу.

Кафедра құрамы педагогика және психология саласында жұмыстанатын, сонымен қатар педагогикалық зерттеу тәжірибесі бар оқытушылардан жасақталған. Институт қайта құрылғаннан кейін кафедра өз кредосын сақтай отырып, Кэмбридж бағдарламасы аясында мұғалімдерді үшінші базалық деңгейге оқыту жауапкершілігін алды.

МКД ППҚ кафедрасында 12 оқытушы жұмыс жасайды, оның 2– уі педагогика ғылымдарының кандидаты (Измуханбетова С.С., Колесова Л.Г.), 1 әдіскер – зерттеуші (Никифорова Т.П.), 1 психология магистрі (Хайруллина А.Б.), 1 оқытушы аспирантурада оқып жатыр (Узахова Ж.Т.), 3 оқытушы магистратурада оқиды (Шамуратова К.Ш., Капанова Г.Г., Алипкалиева Г.Б.). 2012 оқу жылында 7 оқытушы үшінші базалық деңгей тренерлік курсын оқыды, оның 5 – уі ҚР ПШО сертификаты және 5– уі Халықаралық Кэмбридж университеті сертификатын алды. Екеуі – 2 және 1 деңгей тренерлері, әрі бағалау бойынша сарапшылар (Колесова Л.Г. и Капанова Г.Г.). Биыл екі аға оқытушы Р.Б.Молдағалиева, Ж.Т.Узахова үшінші базалық деңгей тренерлік курсында оқып жатыр. Қорыта келе оқытушылардың 24 %–ының ғылыми дәрежесі, сонымен қатар оқытушылардың 12 %–ының академиялық дәрежесі бар. Кафедраның 36%–ы ОПҚ ғылыми дәрежеге ие.

1. Оқытудың жаңа әдістерін қолдану

  • Топтық оқыту техникалары: Оқытудың ұжымдық әдістері ( ОҰӘ), Үш деңгейлі оқыту технологиясы. Лекция модулі және топтық оқытуға негізделген сабақ құрылымы жасақталды ( топтық жұмыс әдістері, топ жасақтау тәсілдері).
  • Тұлғалы бағдарлы оқыту технологиясы (И. С Якиманская), «Тұлғалық-бағдарлы оқытудың болмысы», «ТБО –ның дидактикалық аспектілері» тақырыбында лекциялық модулдер жасақталды;
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ерте жастан және интенсивтік оқыту технологиясы;
  • Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда технологияларды қолдану (Н.Зайцев әдістемесі, М.Монтессори технологиясы);
  • Денсаулық сақтау технологиясы;
  • Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістері;
  • Диалогты оқытудың әдістері;
  • Оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • Тренингтер.

2006 жылдан «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» ( Караев Ж. А. Және Кобдикова Ж. У.) педагогикалық технологиясы енгізу мақсатында инновациялық портал құрылды. Портал жұмысы аясында технология бойынша лекциялық модулдер, пәндер бойынша «Жұмыс дәптерлері» жасақталды және облыс мұғалімдеріне оқыту семинарлары өткізілді.

2. Шетелдік тәжірибелерді зерделеу және қолдану

ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың үш деңгейлік курстары (үшінші базалық деңгей) жаңа Кембридждік Бағдарламамен оқытылды. Бағдарламаға енгізілген жаңа тәсілдердің бірі мұғалімнің өз тәжірибесі туралы ойлануы. Мұғалімді дамытуға бағытталған осы Бағдарлама заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелерінің және оқытудың озық практикалық тәжірибесінің ықпалдасуын қарастырып, мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастық пен өзара білім алуын қамтамасыз етті. Мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдімтемелік сипаттағы Бағдарламаның жеті модулі ұсынылды:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Институттың тренерлері Қ.Шамуратова, Ш.Зулкашева, А.Хайруллина, К.Байкатовалар 2013 ж. 5-6 ақпан күндері Алматы қаласында өткен «Қазақстандық тренер: тәжірибе, ынтымақтастық және келешегі» атты республикалық семинар кеңеске қатысып, шетелдік тренер-кеңесшілердің 10 мастер-кластарында болды.

Кафедраның оқытушылары Л.Г.Колесова мен Т.П.Никифорова Рудольфа Штайнердің гуманистік педагогикасын белсенді қолдануда(вальдорфтік, антропософиялық). Л.Г.Колесова «Білім беру ортасында вальдорф педагогикасының гуманистік тенденцияларын жүзеге асыру» иноовациялық-әдістемелік порталының сегіз жыл жетекшісі болды. Мектепке дейінгі ұйым педагогтарымен, бастауыш сынып, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен, педагог-психологтармен жұмыстануға арналған ресурстық база жасақталды.

Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы «Тұлғаны әлеуметтендіру мәселесі бойынша педагогтардың кәсіби құзырлылықтарын арттыру» тақырыбында жұмыс істейді.

Мақсаты: тұлғаны әлеуметтендіру мәселесі бойынша педагогтарды әдістемелік қамтамасыз ету жүйесін құру, ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы мен 12-жылдық білім беруге көшуге сәйкес мамандардың теориялық және практикалық білімдерін жаңартуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Өзекті мәселелер: превентивті тәрбие бойынша жұмыс жүйесін ұйымдастыру;

инклюзивтік білімді жүзеге асыру; мектеп пен отбасының өзара әрекеті; қосымша білімберу жүйесін дамыту; білім ұйымының тәрбие кеңістігін жүйелі жобалау мен моделдеу; балалар қозғалысы мен оқушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыруға заманауи көзқарас; оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру; Қамқоршылық кеңестер мен Ата-аналар қоғамдастығы жұмысын ұйымдастыру; «Асырап алушылар мектебінің» жұмысын ұйымдастыру.

Қазіргі таңдағы тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының жалпы құрамы: кафедра меңгерушісі – К.И.Байқатова, аға оқытушылар – З.В. Жақслыков, К.М.Мұратова, Ж.А.Еркеғалиева, С.К.Сексенбаева, А.Ж.Бекенова, Г.Н.Дущанова, Р.Ж. Бахтиярова, зертханашы – И.Сулейменова.

Курстардың мазмұнына мынадай жұмыстардың түрлері еңгізілді: педагогикалық жағдайяттарды өңдеу; дискуссия, іскерлік ойындар; арттерапия әдістері; сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегиялары; дөңгелек үстелдер; модульді, ақпаратты, дебатты технологиялар; тәрбие жұмысының интерактивті әдістері, арнайы тақырыптарға арналған бейнефильмдер мен роликтерді қарау және талдау; тренингттік жаттығулар, релаксацияға арналған презентациялар қаралады. Ең қызықты жұмыс формаларының біреуі – жіптік курс болып саналады.