Біздің филиалдар

БжҒМ сайтының информері

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 100012, Қарағанды облысы,Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Жанибеков көшесі,42 үй.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры - педагогика ғылымының докторы, профессор Муканова  Сәулеш Дімкешқызы.

Директордың орынбасары - техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қонтаев Сәбит Сейітұлы.

Филиалдың қысқыша тарихы

1948 жылы – Қарағанды облыстық еңбекшілердің депутаттар кеңесі Атқарушы комитетінің 06.08.1948 жылғы №416 шешімімен облыстық әдістемелік кабинет облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты болып қайта құрылды.

1993 жыл – Қарағанды облыстық Әкімінің 28.09.1993 жылғы №177 шешімімен және құрылтайшылардың келісіміне сәйкес білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты болып қайта құрылды.

2000 жыл – Қарағанды облысы Әкімінің 29.12.2000 жылғы шешімімен Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты Облыс Әкімінің жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты болып қайта аталды.

2011 жыл – Қарағанды облысы әкімдігінің 08.06.2011 жылғы №21/01 Қаулысымен «Қарағанды облысы Әкімінің жанындағы «Қарағанды облыстық мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қарағанды облысы әкімдігінің «Қарағанды облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды.

Филиалдың құрылуы:

Филиалды есептік тіркеу туралы куәлікке сәйкес 01.10.2012 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институты болып құрылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының құрамында 5 кафедра, 9 бөлім бар.

Профессорлық-оқытушылық құрамның сапалы құрамы 56 оқытушыдан тұрады, ғылыми атағы бар оқытушылар саны (ғылым докторлары, PhD кандидаттары) – 8, академиялық деңгейі бар (магистр) оқытушылар – 2.

Басқару және білім сапасы кафедрасы Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы: жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауымен белгіленген білім беруді модернизациялаудың басым міндеттерін жүзеге асыруды басқару саласында басшылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға оқу-әдістемелік және ғылыми тұрғыда қолдау көрсетуді жүзеге асырады. Кафедра қызметкерлері «Көптілділік», «Ресурстық орталық», «Е-learning» аймақтық жобаларының ғылыми жетекшілері болып табылады.

Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістері және инновациялық технологиялар кафедрасы жастардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын дамыту кеңістігін ұйымдастыруда жаңа формация мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді

Оқытушылар «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау», «Тұрақты даму үшін білім беру», «Білім беру технопаркі», «Қазіргі заманғы көптілділік білім» облыстық білім беру жобаларын жүзеге асыруға құзыретті түрде басшылық етеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру кафедрасы мемлекеттік тапсырыс пен қоғам қажеттілігін есепке ала отырып мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды жүзеге асырады.

Оқытушылар инновациялық технологияларды, құзыреті білім берудің адекватты әдіснамаларын ендіру үдерісін жобалау үшін жағдай жасайды.

Мұғалімдердің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы заманауи білім беру технологияларын енгізу мен бейімдеуде және психологиялық қамтамасыз ету мәселелерінде педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттырады.

Педагогтер тьютор режимінде оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың құндылықтарын, технологияларын, құралдарын меңгереді.

Тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбиелеу кафедрасы бәсекеге қабілетті орта жағдайында сәтті түрде әрекет етуге қабілетті, жоғары мәдениет пен азаматтық жауапкершілікке ие, өз Отанына адал, шығармашыл және рухани құндылығы жоғары, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруда педагогтердің кәсіби шеберлік деңгейін арттыру бағдарламаларын жүзеге асырады. Мектеп оқушыларының өмірлік маңызды құзыреттерінің дамуын қамтамасыз ететін тәрбиенің қазіргі заманғы әдістерін меңгеру үшін жағдай жасалады.

  1. Оқу үдерісін қамтамасыз ету бөлімдері:
  2. Экономика және қаржы бөлімі.
  3. Әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша басқарма.
  4. Академиялық бөлім
  5. Мониторинг және талдау бөлімі.
  6. Қоғаммен байланыс және баспа жұмысы бойынша бөлім.
  7. Ақпараттық технологиялар бөлімі.
  8. Инновациялық даму бөлімі.
  9. Кітапхана.