Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Мекен-жайымыз: 467001, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 2.

Тел\факс: (7242) 27–76–51.

Веб-сайты: www.ipk-korda.kz

Электронды поштасы: ipkit_korda2004@mail.ru

Директор Б.Елеусінов - физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, педагогикалық еңбек өтілі – 28 жыл, 201 ғылыми жұмыстары жарияланған. 

Институт тарихы

Сыр өңірінде 1938-1939 оқу жылында облыстық оқу бөлімі жанынан әдістемелік кабинеттер ұстаздар білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттыру және өзара тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін шыңдау бағытында ұйымдастырылған.

- 1944-2007 жылдары Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты.

- 2007 жылдан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты болып қайта құрылды.

- 2009 жылы институт кафедралық жүйеге көшті.

- 2010 жылы Халықаралық сапа менеджменті (ISO 9001:2000) жүйесіне енді.

- 2012 жылы 17 ақпанда ҚР Үкіметінің №232 қаулысына сәйкес «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы құрылды. Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиал ретінде 2012 жылдың 2 қазанында облыстық Әділет басқармасында тіркелді.

БАИ-да жыл сайын 3 мыңнан аса қалалық, аудандық білім ұйымдарының басшылары, кәсіптік лицейлер, жалпы білім беретін мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдар және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары біліктілігін арттырады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің 2012 жылғы 13 наурызда №02-4/334 санды хатына сәйкес 2012 жылдың 4 сәуірінен бастап институт базасында АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» және Кембридж университеті бірлесіп даярлаған жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған үшінші базалық деңгейдің бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курстары басталды. Жалпы Қызылорда облысына 2012 жылғы жоспар бойынша 450 тыңдаушыны біліктілік курсынан өткізуі тапсырылды. Бірінші кезеңге курсқа 163 тыңдаушы, екінші кезеңге 287 тыңдаушы шақырылды.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша «e-learning» электрондық оқытуды енгізу жүйесіне 30 білім беру ұйымы енеді деп жоспарлануда. Олардың ішінде 2 колледж, 3 кәсіптік лицей және 25 орта мектеп бар. 2011 жылы 338, 2012 жылы 467 білім беру ұйымдарының қызметкерлері біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Профессор оқытушылық құрамының сапалы құрылымы

Басқару құрамы:                                                                                                       

Директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары С.Серікбаев- тарих ғылымдарының кандидаты, педагогикалық еңбек өтілі – 20 жыл, 30 ғылыми жұмыстары жарияланған;

Институт құрамында – 3 кафедра жұмыс жасайды:

- «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасы - меңгерушісі Б.Кожамберлиев философия ғылымдарының докторы, педагогикалық еңбек өтілі – 32 жыл, 107 ғылыми жұмыстары жарияланған;

- «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы - меңгерушісі Г.Жаксылыкова педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогикалық еңбек өтілі– 28 жыл, 35 ғылыми жұмыстары жарияланған;

- «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасы - меңгерушісі Р.А.Набуова педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогикалық еңбек өтілі – 32 жыл, 39 ғылыми жұмыстары жарияланған.

Профессор-оқытушылар құрамында – 35 оқытушы, оның ішінде ғылым докторлары – 2, ғылым кандидаттары – 6, жалпы 35 оқытушысының (кафедра меңгерушілерін, институт басшыларын қосқанда) – 22,8%-ы ғылыми дәрежелі оқытушылар.

2012 жылы біліктілікті арттыру курстары төмендегідей бағыттарда жүргізілді:

1) Қысқа мерзімді курстар (36 және 72 сағаттық курстар) – жоспар бойынша 3328 тыңдаушы курстан өтті.

2) 3 айлық курстар – биылғы жылы институт базасында АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» және Кембридж университеті бірлесіп даярлаған жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған үшінші базалық деңгейдің бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курстары өткізілді. 450 тыңдаушының 444-сы біліктілік арттыру емтиханын ойдағыдай тапсырып, сертификатқа ие болды.

3) Электронды оқыту (e-learning) курстары бойынша биылғы жылы 418 тыңдаушы курстан өтті. Оған 33 (2 колледж, 3 кәсіптік-лицей, 28 мектеп) білім беру ұйымы қатысты.

Жаңа технологиялар жайлы

В.Монаховтың педагогикалық технологиясы орталығы 2003 жылдың қараша айында Ресейдің Тольятти қаласында өз жұмысын бастаған.

2006-2009 жылдар аралығында Қызылорда қаласының №№3, 6, 23, 112 және 233 мектептері эксперимент алаңы ретінде белгіленіп, Монахов технологиясы оқу процесіне енгізілді. Осы жылдар арасында технология авторы академик В.Монахов және Монахов технологиясы орталығының директоры Е.Бахусованың қатысуымен 3 Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Қызылорда облысында 2008 жылдан бастап білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институттың кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., Ж.Кобдикованың жетекшілігімен Ж.Қараевтың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы бойынша арнайы курстар өткізіліп келеді.