Біздің филиалдар

БжҒМ сайтының информері

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86 үй

Директоры - Слесарь Марионелла Васильевна. 

Әкімшілік қызметкерлердің сапалық құрамы

БАИ әкімшілігінің кадрлық әлеуеті зор педагогикалық, әдістемелік және басқарушылық қызмет тәжірибесі бар мамандармен қамтамасыз етіледі. Филиалдың әкімшілік құрамы 12 қызметкерлермен ұсынылады, соның ішінде

1- ҚР еңбек сіңірген қайраткері

3 – «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегерлері.

Қызметкерлердің орташа жасы – 46 жасты құрайды.

Профессорлық-оқытушылық қызметкерлердің сапалық құрамы

Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы 38 оқытушымен ұсынылады:

1 ғылым докторы (2,63%),

14 ғылым кандидаттары (36,84%),

3 магистр (7,9%),

20 аға оқытушы (52,63%).

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-ның құрылы

• 1937 ж. қыркүйек – Қостанай облыстық білім беру бөлімі жанында әдістемелік кабинет құрылды;

• 1948 ж. – әдістемелік кабинет мұғалімдерді жетілдіру институтына (МЖИ) қайта ұйымдастырылды (Қостанай облыстық білім беру бөлімінің 1948 жылдың 21 маусымындағы бұйрығы);

• 1996 ж. – облыстық МЖИ-ы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтына қайта аталды (Қостанай облысы білім беру Департаментінің 1996 жылдың 11 қаңтарындағы №7 бұйрығы);

• 1998 ж. – «Қостанай педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына» (МКҚК) қайта аталды (Қостанай облысы білім беру Департаментінің 1998 жылдың 25 желтоқсанындағы № 217 бұйрығы);

• 2008 ж. – «Қостанай педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» МКҚК-ы «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» МКҚК-на қайта аталды (Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 2008 жылдың 21 мамырындағы № 274 бұйрығы);

2012 жылдың сәуірі – «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» МКҚК-ы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» РМҚК-на қайта аталды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 17 ақпанындағы № 232 Қаулысы);

• 2012 жылдың қазаны – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» РМҚК-ы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына» қайта ұйымдастырылды (директорлар Кеңесінің 2012 жылдың 19 қыркүйегіндегі №1 мәжіліс хаттамасының №8 тармағы; Қостанай қаласы әділет Басқармасында тіркеу туралы куәлік (№ 75-1937-01-Ф-п, 2012 жыл 5 қазан)

Филиалдың қысқаша тарихы

Қостанай облысының педагогикалық кадрларының біліктіліктігін арттыру жасау жүйесінің қалыптасу тарихы 1937 жылдан басталады.

1937 жылдың қыркүйек айында Қостанай облыстық білім беру бөлімінде әдістемелік кабинет құрылып, 1948 жылы мұғалімдерді жетілдіру институтына (МЖИ) қайта ұйымдастырылды.

МЖИ-да сегіз кабинет құрылды: бастауыш сынып, математика және физика, химия және биология, география, орыс тілі және әдебиеті, шетел тілі, қазақ тілі және әдебиеті, тарих кабинеттері.

МЖИ-ның тұңғыш директоры И. Г. Гриненко болды.

Біліктілікті арттыру жүйесін дамытуға Ұлы Отан соғысына қатысқан мұғалім, директор Закиров КАМАЛБЕК Закирович үлкен үлес қосты. К. З. Закиров мектептерді басқарудың ғылыми деңгейін арттыру мәселелеріне көп көңіл бөлді. Ол МЖИ-ның директоры қызметінде 18 жыл еңбек атқарды.

Осы жылдары жеткен жетістіктері үшін институтқа Қазақ КСР ағарту Министрлігі мен ағарту, жоғары мектеп және ғылыми мекемелердің қызметкерлерінің кәсіптік одағы орталық комитетінің ауыспалы Қызыл Туы берілді. Облыстық МЖИ-ы КСРО-ның ХШЖК-нің Дипломымен мадақталды.

1981 жылдан бастап облыстық Алтынсарин педагогикалық оқуларын өткізу дәстүрге айналды.

1991 жылы Қостанай қаласында «Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасы және қазіргі мектептің мәселелері» мерейтойлық Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді, аталған конференцияның жұмысына республикадан, сонымен қатар Белоруссия, Өзбекстан,

Педагогтардың тәжірибе алмасуы, ақпаратты алуы, өзін-өздері жетілдіруі мен дамытуы үшін ашық мінбелердің бірі «Білім-инфо» ғылыми-әдістемелік жаршысы болып табылады, аталған баспа өнімі 2004 жылдан бастап жылына төрт мәрте мерзімділікпен шығады.

Республикалық біліктілікті арттыру жүйесін реформалау шеңберінде басқарудың біріңғай вертикалын енгізуге байланысты біздің педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалына қайта ұйымдастырылды. Біліктілікті арттырудың икемді, кезеңдік, үздіксіз жүйесі облыс педагогтарына өздерінің кәсіби деңгейін арттыруға тиімді уәждейтін білім қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.